Октай Синаноглу (25 ақпан 1935 жыл – 19 сәуір 2015 жыл) — түрік физик-химигі және молекулалық биофизигі.
Өмірбаяны 1935 жылы 25 ақпанда Италияның Бари қаласында Нюзхет Хашим мен Рювейде Синаноглу отбасында дүниеге келгенhttp://news.yale.edu/2015/04/20/memoriam-oktay-sinano-lu-renowned-theoretical-chemist. Октай Синаноглуның әкесі түрік консулдығының қызметкері және жазушы болғанResmi Gazete, 17 Kanunuevvel 1933, no: 2580 and Resmi Gazete, 24 Mayis 1937, Hariciye Vekaleti Kararnamesi. Ол грек және рим мифологиялары туралы кітап жазды. Оның басқа кітабы «Петрарка» 1931 жылы жарық көрді. 1938 жылы шілдеде Октай Синаноглуның әкесі мен оның отбасы Түркияға шақырылдыT.C. Resmi Gazete 19.7.1938 p.1 Hariciye Kararnamesi (Decree of the Ministry of Foreign Affairs): "9. degree consular employee Nüzhet Haşim Sinanoğlu appointed to the capital (Ankara) with same degree. Sign: K. Ataturk 11 July 1938." (Dokuzuncu dereceden memur Nüzhet Haşim Sinanoğlu, derecesiyle merkeze... İmza: K. Atatürk, 11 Temmuz 1938."http://news.yale.edu/2015/04/20/memoriam-oktay-sinano-lu-renowned-theoretical-chemist. Октай Синаноглуның әпкесі түрік әншісі Эсин Афшарhttp://www.sabah.com.tr/yasam/2015/04/20/oktay-sinanoglu-hayatini-kaybetti-oktay-sinanoglu-kimdir.
1953 жылы Синаноглу АҚШ-қа барды. 1956 жылы Берклидегі Калифорния университетін бакалавр дәрежесімен бітірді. Келесі жылы Синаноглу MIT-те магистр дәрежесін алды және Слоан қорының стипендианты болды. 1959–1960 жылдары физикалық химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
1960 жылдан Йель университетінде жұмыс істейді. 1963 жылы 1 шілдеде химия кафедрасының толық профессоры лауазымын алды. Синаноглу 20 ғасырда Йельдегі ең жас толық профессор болды және университет тарихындағы үшінші ең жас толық профессор болып саналады.
1964 жылы Синаноглу Йельде теориялық химия кафедрасын құрды. 1997 жылы Октай Синаноглу Йель университетінен кетті.
Йельден кеткеннен кейін 2002 жылға дейін Йылдыз техникалық университетінде химиядан сабақ берді.
1966 жылы химия саласындағы ғылыми-техникалық зерттеулер бойынша Түрік кеңесінің ғылыми сыйлығымен марапатталды.
Синаноглу екі рет Нобель сыйлығына ұсынылды.
2001 жылы түрік жазушысы Эмине Чайкара жазған «Түрік Эйнштейн Октай Синаноглу» Октай Синаноглуның өмірі туралы кітап жарық көрді.
2015 жылдың 10 сәуірінде Дилек Синаноглу күйеуінің Майамидегі ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Октай Синаноглу 2015 жылы 19 сәуірде 80 жасында қайтыс болды. Өлім себептері туралы ресми мәлімдеме болған жоқ. Синаоглу Шакирин мешітіндегі діни рәсімнен кейін Караджаахмет зиратында жерленді. Жеке өмірі 1963 жылы 21 желтоқсанда Синаноглу Паула Амбрустерге үйленді. Бұл некеден Синаноглуның үш баласы болды.
Синаноглының екінші әйелі Дилек Синаноглу болды. Ерлі-зайыптылардың егіздері болды. Ерлі-зайыптылар Техас пен Ыстанбұлда тұрды.
Сілтемелер
«Түрік Эйнштейн» қайтыс болды - профессор Октай Синаноглу
Дереккөздер Санат:Философия докторлары Санат:Массачусетс технологиялық институты түлектері