Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті — еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы.
Міндеттері өз құзыреті шегінде еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің кейбір мәселелері туралы
Аумақтық бөлімшелері Комитеттің Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша департаменттері
Дереккөздер
М