Сфинкс () – бірнеше мағынадан тұратын сөз. Ежелгі Мысырдағы басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі қиял-ғажайып статуясы (рухты сақтаушы, патша билігінің рухы); перғауынның суреті. Олар көбіне ғибадатхананың алдына және пирамида маңына тұрғызылған. Сақталып қалған Сфинкстің ең ірісі Каирге жақын Гиза (б.з.д. 28 ғасыр) және Хефрен пирамидасының жанында. Ежелгі грек мифологиясындағы арыстан денелі әрі қанатты ғажайып әйел. Басқа мағынада – жұмбақ, жұмбақ адам.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Сфинкстер Санат:Беотия мифтері Санат:Мифтік бейнелер Санат:Жұмбақтар