Лилонгве қаласы — Африкадағы қала, Малавидің 1975 жылдан бері астанасы және ең ірі қаласыhttps://www.britannica.com/place/Lilongwe. Ол елдің орталық бөлігінде, Лилонгве өзенінің бойында орналасқан. Лилонгве салыстырмалы түрде жас қала болып саналады. 1907 жылы негізі қаланған. Халқының саны 989 318 адам (2018).

Климаты экваторлық-муссондық. Ең ыстық айда — қарашада ауаның орташа температурасы +25°C, шілдеде - +15°C. 30 градустан жоғары температура өте сирек кездеседі. Аяз маусым-тамыз айларында анда-санда болады.

Малавидің батысы мен шығысын байланыстыратын темір жолдар орналасқан. Темір жол қаланы Замбия және Мозамбикпен байланыстырады. Лилонгве маңында халықаралық әуежай бар.

Бауырлас қалалар

Лусақаhttp://allafrica.com/stories/200408200493.html Тайбэй

Дереккөздер

Сілтемелер

https://en.wikivoyage.org/wiki/Lilongwe#Q3876

Санат:Малави