thumb|right|200px| Айзик Вольфович Тонконогий (21 ақпан 1910 жыл, Украина, Винница облысы Бар қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1967), профессор (1968).

1935 жылы Одесса индустрия институтын бітірген. 1935–1945 жылдары Алматы облысы Балқаш жылу электр орталығында бас инженердің орынбасары, Алматы және Балқаш жылу электр орталықтарында бас инженер. 1945–1970 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Энергетика институтында (қазіргі Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты) зертхана меңгерушісі. 1970 жылдан Алматы энергетика институтында (қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған 28 өнертабыстың иегері.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:21 ақпанда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:Винница облысында туғандар Санат:Қазақстан энергетиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының профессорлары Санат:Қазақстан өнертапқыштары