ПАЛЕОАНТРОПТАР (грек. palaіos – ертедегі және anthropos – адам) – ертедегі адамдар деген ұғымды білдіреді. Палеоантроп адамның тарихи дамуының заңды бір кезеңі болып саналады. Палеоантроп қазіргі саналы адамдардың (Homo sapіens) тікелей арғы тегі. Олардың тек қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған. Палеоантропдың қазба қаңқа қалдықтары алғаш рет 1856 ж. Батыс Германияның Дюссель өзенінің Неандерталь аңғарынан табылды;“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том

Дереккөздер</span>

Санат:Бірінші адамдар Санат:Тарих Санат:Тұлғалар