АҚШ Қорғаныс министрі (, сөзбе-сөз аударғанда АҚШ Қорғаныс хатшысы) — АҚШ Қорғаныс министрлігіне төрағалық ететін лауазым және соған ие тұлға, АҚШ Қарулы күштері атқарушы бөлімінің басшысы, АҚШ федералды үкіметінің жоғары атақты мүшесі. Қорғаныс министрінің қолбасшылық және әскерге билік ету позициясы жоғарғы бас қолбасшы болып табылатын АҚШ президентінен кейінгі екінші орында. Президент Қорғаныс министрін Сенат мақұлдауымен тағайындайды. Қызметін бастаған Қорғаныс министрі оған қоса АҚШ Кабинеті мен АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болады.
Мемлекеттік хатшы, қаржы министрі, қорғаныс министрі және бас прокурор, әдетте, маңыздылығы мен департаменттерінің үлкендігіне байланысты министрлер кабинетінің ең маңызды төрт қызметкері (және ресми түрде ең жоғары және ең ескі төрт лауазымды адам) ретінде қарастырылады.
АҚШ қазіргі қорғаныс министрі — майор Пит Хегсет, Ұлттық ұлан әскерінің бұрынғы мүшесі.
2025 жылы президент Дональд Трамп қорғаныс министрі лауазымының қосымша «АҚШ соғыс министрі» атауын бекітті. Министрліктің атауын тек АҚШ Конгрессі ауыстыруға құқылы.
Міндеттері және өкілеттігі нобай|солға|Ұлттық әскери мекеменің мөрі (1947–1949) АҚШ президенті Сенат мақұлдауынан кейін тағайындайтын АҚШ Қорғаныс министрі федералды заң бойынша (Конституция 10-тарауы, §113) Қорғаныс министрілігіне басшылық етеді, «Қорғаныс министрлігіне қатысы бар бүкіл істердегі Президенттің басты көмекшісі» болып келеді. Конституцияның бүкіл әскери өкілеттікті АҚШ Конгрессі мен Президентіне бергендігінен Қорғаныс министрінің заңды өкілеттігі оның конституциялық міндеттерінен алынады. Конгресс пен Президенттің Қорғаныс министрлігінің әр ісіне билік етуінің ыңғайсыз болғандығынан бұнымен Министр мен орынбасарлары, министрліктің қызметкерлері айналысады.
ҚорМин басшысы болғандығынан министрліктің әр қызметкері мен шенеунігі министрдің «астында» жұмыс істейді. Бұл қатарға Қарулы күштердің әр бөліміне басшылық ететін хатшылар да жатады.
АҚШ Қорғаныс министрі — АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі (Конституция 50-тарауы, §402). АҚШ вице-президенті және Мемлекеттік хатшысымен қатар Қорғаныс министрі елдің ұлттық қауіпсіздік істері бойынша Президенттің басты кеңесшілері болып келеді және екі апта сайын қауіпсіздік жайлы жиналып жатады.
Айлығы Атқарушы билік ретіндегі I деңгейлі лауазым иесі ретінде Қорғаныс министрі 2024 жылғы қазандағы жағдай бойынша 246 400 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады.
Министрлер тізімі
№ Портреті Аты-жөніҚызмет жылдары АҚШ президенті 1 100px 17 қыркүйек 1947 28 наурыз 1949 Гарри Трумэн 2 100px 28 наурыз 1949 19 қыркүйек 1950 Гарри Трумэн 3 100px 21 қыркүйек 1950 12 қыркүйек 1951 Гарри Трумэн 4 100px 17 қыркүйек 1951 20 қаңтар 1953 Гарри Трумэн 5 100px 28 қаңтар 1953 8 қазан 1957 Дуайт Эйзенхауэр 6 100px 9 қазан 1957 1 желтоқсан 1959 Дуайт Эйзенхауэр 7 100px 2 желтоқсан 1959 20 қаңтар 1961 Дуайт Эйзенхауэр 8 100px 21 қаңтар 1961 29 ақпан 1968 Джон КеннедиЛиндон Джонсон 9 100px 1 наурыз 1968 20 қаңтар 1969 Линдон Джонсон 10 100px 22 қаңтар 1969 29 қаңтар 1973 Ричард Никсон 11 100px 30 қаңтар 1973 24 мамыр 1973 Ричард Никсон 100px 24 мамыр 1973 2 шілде 1973 Ричард Никсон 12 100px 2 шілде 1973 19 қараша 1975 Ричард НиксонДжеральд Форд 13 100px 20 қараша 1975 20 қаңтар 1977 Джеральд Форд 14 100px 21 қаңтар 1977 20 қаңтар 1981 Джимми Картер 15 100px 21 қаңтар 1981 23 қараша 1987 Рональд Рейган 16 100px 23 қараша 1987 20 қаңтар 1989 Рональд Рейган 100px 20 қаңтар 1989 21 наурыз 1989 Рональд Рейган 17 100px 21 наурыз 1989 20 қаңтар 1993 Джордж Г.У. Буш 18 100px 21 қаңтар 1993 3 ақпан 1994 Билл Клинтон 19 100px 3 ақпан 1994 23 қаңтар 1997 Билл Клинтон 20 100px 24 қаңтар 1997 20 қаңтар 2001 Билл Клинтон 21 100px 20 қаңтар 2001 18 желтоқсан 2006 Джордж У. Буш 22 100px 18 желтоқсан 2006 30 маусым 2011 Джордж Уокер БушБарак Обама 23 100px 30 маусым 2011 27 ақпан 2013 Барак Обама 24 100px 27 ақпан 2013 17 ақпан 2015 Барак Обама 25 100px 17 ақпан 2015 20 қаңтар 2017 Барак Обама 26 100px 20 қаңтар 2017 1 қаңтар 2019 Дональд Трамп 100px 1 қаңтар 2019 24 маусым 2019 Дональд Трамп 100px 24 маусым 2019 15 шілде 2019 Дональд Трамп 100px 15 шілде 2019 23 шілде 2019 Дональд Трамп 27 100px 23 шілде 2019 9 қараша 2020 Дональд Трамп 100px 9 қараша 2020 20 қаңтар 2021 Дональд Трамп 100px 20 қаңтар 2021 22 қаңтар 2021 Джо Байден 28 100px 22 қаңтар 2021 25 қаңтар 2025 Джо Байден 29 100px 25 қаңтар 2025 Қазір қызметте Дональд Трамп
Дереккөздер
Қорғаныс