Сирияның өтпелі үкіметі () — 2024 жылғы 9 желтоқсанда, Башар әл-Асад басқаратын Баастық Сирияның құлауынан кейін бір күн өткен соң ел аумағында құрылған уақытша коалициялық үкімет.

Сириялық оппозициялық күштер коалициясының төрағасы Хади әл-Бахрдың мәлімдемесіне сәйкес, өтпелі үкімет мемлекеттік билік оппозиция қолына толық өткенге дейін 18 ай жұмыс істейтін болады.

Құрылуы Башар әл-Асад режимі құлағаннан кейін, 2024 жылдың 9 желтоқсанында, Хайят Тахрир аш-Шам ұйымының әмірі және «Сирияны құтқару үкіметінің» жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джулани Telegram әлеуметтік желісінде Сирияның мемлекеттік мекемелері жаңа үкіметтің бақылауына бірден өтпейтінін, оның орнына елдегі толық саяси өтпелі кезең аяқталғанға дейін уақытша Сирия премьер-министрі Мұхаммед Гази әл-Джалали бағынатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ 2024 жылғы 9 желтоқсанда Сирияның уақытша жаңа үкіметін «Сирияны құтқару үкіметінің» төрағасы Мұхаммед әл-Башир құратыны туралы ақпарат белгілі болды.

Қызметтері Уақытша үкіметтің қызметі басталған сәттен бастап Дамаск, Латакия және Тартус қалаларында 17.00-ден 5.00-ге дейін белгісіз мерзімге коменданттық сағат енгізілетіні туралы мәлімдеді.

Сириядағы уақытша үкімет әйелдерге хиджаб киюді міндеттеуге тыйым салатын бұйрық шығарды.

Дереккөздер

Санат:Сирия тарихы Санат:Сирия саясаты Санат:Сирия үкіметі