Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов (31 мамыр 1978, Қызылорда облысы) — қазақстандық дипломат, елші. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Өмірбаяны 1978 жылы 31 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келді.
Білімі 1999 жылы Қазақ ұлттық университетін және 2014 жылы Джонс Хопкинс университетін тәмамдады.
Мансабы
1999—2000 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің референті: 2000—2004 — Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде референт, атташе, үшінші хатшы: 2004—2005 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы; 2005—2009 — Үндістандағы Қазақстан Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы; 2009—2010 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі; 2010—2017 — Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі; 2017—2019 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары; 2019—2019 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры; 2019—2021 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры; 2021—2023 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры; 2023 — Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі.
Жеке өмірі Үйленген, 2 ұл және 1 қыз тәрбиелеуде.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Марапаттары
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 20 жыл медалі (2012); Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл медалі (2017); Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі (2020); Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі (2021); Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл медалі (2022); Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша кездесулеріне 30 жыл медалі (2022); Қорғаныс министрлігінің Халықаралық дамуға қосқан үлесі үшін ынтымақтастық медалі (2022); Ерен еңбегі үшін медалі (2022); І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Санат:Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілері