Гома үшін шайқас (фр. Bataille de Goma) — 2025 жылдың қаңтарында ДР Конгоның Солтүстік Киву провинциясының әкімшілік орталығы Гома қаласы үшін болған әскери қақтығыс.

Руанда Конго жасақтарының қаупінен қорғанып жатқанын мәлімдеді.

Алғышарттар 2022 жылы M23 қайта жанданып, қарулы қақтығыстарға кірісті. Наурыз айынан бастап Руанда ДР Конго аумағындағы әскери әрекеттерге тартылды.

Барысы 25 қаңтар: M23 тобы Гома қаласының шетіне дейін жетті, алайда ДР Конго қарулы күштері олардың шабуылына тойтарыс берді. Сол күні M23 Гоманың халықаралық әуежайын басып алып, оның жұмысын тоқтатты.

26 қаңтар: Кешке қарай көтерілісшілер Гома қаласының орталығынан 9 шақырым жердегі Муниги ауданынан өтіп, алға жылжығаны туралы хабарлар түсті. Шайқас барысында 13 БҰҰ бітімгері қаза тапты.

27 қаңтар: M23 тобы Гома қаласын толықтай өз бақылауына алды. Уругвайлық бітімгерлердің мәліметінше, 100 конголездік сарбаз БҰҰ-ның ДР Конгодағы тұрақтандыру миссиясы базасында (МООНСДРК) қаруларын тапсырып, көтерілісшілердің талабына бағынды. Сонымен қатар, Гома маңында 26 конголездік әскери қызметкер мен бір полиция қызметкері Руанда шекарашыларына берілді. Кейбір деректерге сәйкес, Гома үшін шайқас кезінде 17 бейбіт тұрғын қаза тауып, 370 адам жараланған.

28 қаңтар: Әскери қақтығыстар салдарынан 367 адам жараланды. Сол күні M23 көтерілісшілері Гоманың халықаралық әуежайын толық бақылауға алды.

29 қаңтар: Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 100-ге жетіп, жараланғандар 1000-нан асты. Шамамен 1300 адам тұтқынға түсті.

30 қаңтар: M23 тобының жетекшісі Гома қаласының толық бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Бағалау Британдық The Economist апталық басылымы Руанданың әрекеттерін 2014 жылы Донбастағы Ресейдің іс-қимылымен салыстырды. Басылымның пікірінше, Руанда президенті Поль Кагаме Владимир Путиннің тактикасын қайталап отыр: M23 тобының жасақтары оның билігі тарапынан қаруланып, бағытталады, ал ресми түрде бұл әрекет жергілікті тутси халқын қорғау мақсатында жүргізіліп жатқандай көрсетіледі. БҰҰ бағалауы бойынша, Конго аумағына мыңдаған руандалық сарбаз кірген, бірақ Руанда билігі мұны жоққа шығарып, куәгерлердің айғақтарына қарамастан өз әскерінің араласуын мойындамай отыр.Rwanda does a Putin in Congo, The Economist, Jan 28th 2025

Дереккөздер

Санат:2025 жылғы қақтығыстар Санат:2025 жылдағы ДР Конго Санат:2025 жылдағы Руанда