Қарақабық, әсия, угнерния () – амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық жуашықты өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратауда (Батыс Тянь-Шань) ғана кездесетін 1 түрі – Северцов қарақабығы (U. Severzovіі) өседі. Биіктігі 40 см-дей, ұзынша келген жуан жуашығының сырты қара қабықты келеді. Сүйірленген жапырақсыз сабағының ұшында себетгүл шоғыры орналасады. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзындығы 20 см, ені 2 см-дей. Гүлдерінің түсі қызылдау кейде сарғыш қоңырлау болады. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамызда жапырақтары түскеннен кейін гүлдейді. Тамыз айында жеміс береді. Тұқымы – ұсақ, қоңыр түсті қорапша. Оның жуашығынан дәрі, желім алынады. Северцов қарақабығының аз ғана ареалы Ақсу-Жабағылы қорығында сақталып қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазақ Энциклопедиясы

Түрлері Ungernia badghysi Botsch. – Түрікменстан Ungernia ferganica Vved. ex Artjush. – Қырғызстан Ungernia flava Boiss. & Hausskn. – Иран Ungernia oligostroma Popov & Vved. – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан Ungernia sewerzowii (Regel) B.Fedtsch. – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан Ungernia spiralis Proskor. – Түрікменстан Ungernia tadschicorum Vved. ex Artjushenko – Тәжікстан Ungernia trisphaera Bunge – Иран, Ауғанстан, Түрікменстан Ungernia victoris Vved. ex Artjush. – Қырғызстан, Тәжікстан Ungernia vvedenskyi Khamidch. – Қазақстан

Сілтемелер

Санат:Амариллистер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер