«Мауэрверк» () — Аустрияның Вена қаласындағы футбол клубы, 2014 жылы құрылған. Қазіргі уақытта Австрияның үшінші деңгейлі футбол лигасы болып саналатын Регионаллига біріншілігінің «Шығыс» аймағында өнер көрсетеді.

Тарихы 2014 жылы Аустрия астанасында «Карабах» атты футбол клубы құрылды. Оны әзірбайжандық кәсіпкер Орхан Велиев (азерб. Orxan Vəliyev) Вена Оттакринг (нем. WS Ottakring) атты әуесқой клубын сатып алып, қайта құру арқылы жасақтады. Бұл клуб сол кезде Аeстрияның алтыншы лигасында (Oberliga A) ойнаған болатын. Жаңа атауға ие болған «Карабахтың» басты мақсаты — 2019 жылға дейін Аустрия Бундеслигасына шығу болды.

2014/15 маусымында «Карабах» алтыншы лигада екінші орын алды, бірақ Винер Шпорт-Клубтың жастар командасынан екі ұпайға қалып қойып, бесінші лигаға (2. Landesliga) көтерілу мүмкіндігінен айырылды. Осыдан кейін Орхан Велиев «Кайзереберсдорф» (нем. SC Kaiserebersdorf-Srbija 08) атты бесінші лига клубын сатып алып, оны «Карабах» деп өзгертті.

2015/16 маусымында клуб бесінші лигада жеңімпаз атанып, төртінші деңгейлі Вена қалалық лигасына (Wiener Stadtliga) жолдама алды. Сондай-ақ осы маусымда Вена кубогын жеңіп, келесі жылы Аустрия кубогына қатысу құқығын иеленді.

2016/17 маусымында «Карабах» төртінші лигада жеңіске жетіп, Регионаллигаға көтерілді. Алайда 2016–2017 Аустрия кубогының алғашқы кезеңінде Рапид Вена клубынан 1:3 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

2018 жылы 29 маусымда клубтың Бірінші лигаға шыға алмағаны белгілі болған соң, оның жаңа иесі египеттік кәсіпкер Мустафа Эльнимр атанды. Осыған байланысты клубтың атауы «Мауэрверк» (Mauerwerk) болып өзгертілді.

Дереккөздер

Санат:Аустрия футбол клубтары