Лениншіл Рүстемов (8.8. 1932, Сарыағаш ауданы – 15.12. 1993)Оңтүстік Қазақстан облысы : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2005. – ISBN 9965-9746-1-6 – ғалым, филология ғылым кандидат , профессор Орта Азия Мемлекеттік университетінде оқыған. 1953 – 56 жылдары Талдықорған облысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1956 – 58 жылдары Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. ҚазМУ-дың аспирантурасын бітірген (1962). 1962 – 69 жылдары ҚазМУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасының доценті, аға оқытушысы қызметін атқарды. 1969 – 73 жылдары аға инспектор, Қазақстан Жоғары оқу орны министірлгінің жоғары оқу орны басқарма бастығының орынбасары болды. 1973 – 76 жылдары І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педогогикалық институтының ректоры. 1976 – 77 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің ғылым және техника бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 1989 – 91 жылдары ҚазМУ-дың оқу бөлімі жөніндегі проректоры, шығыстану факултетінің деканы, Иран және Tүрік филологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. Ол республиканың білім саласын ұйымдастыру ісіне орасан зор үлес қосты.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар