Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, атом энергиясын пайдалану, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану, халықтың ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыратын және іске асыратын орталық мемлекеттік орган.

Уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуіне жауапты.

Тарихы Агенттік атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуы, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимін сақтау бағыттарында мемлекеттік реттеу мен салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Агенттік Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен берілген өкілеттіктер шегінде уран ресурстарын ұтымды пайдалануды, атом электр станциялары мен тиісті инфрақұрылым құрылысына қатысуды қамтамасыз етеді.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты институционалдық деңгейде іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 1992 жылғы 15 мамырда Президент Жарлығымен құрылды. Кейін бұл ведомствоның функциялары түрлі реформалар нәтижесінде басқа мемлекеттік құрылымдарға берілді. 2025 жылғы 18 наурызда Президент Жарлығымен Атом энергиясы жөніндегі агенттік қайта құрылып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін уәкілетті орган мәртебесін алды.

Атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн 1992 жылы 15 мамырда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және атом қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi (1992-1997) ҚР Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi (1997-1999) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитеті (1999) ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөнiндегі комитеті (1999-2000) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Атом энергетикасы комитеті (2000-2010) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (2010-2012) ҚР Атом энергиясы агенттігі (2012-2013) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (2013-2014) ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (2014-2025)

2025 жылы 18 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі қайта құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (2025-)

Міндеттері өз құзыреті шегінде отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз етуге қатысу, оның ішінде атом электр станцияларының және ілеспе инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету; ядролық кластерді құру және дамыту; атом өнеркәсібін, оның ішінде уран өнімін барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді дамыту; реттелетін салалардағы халықаралық ынтымақтастық; уран ресурстарының ұдайы өндірілуін және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Құрылымы Агенттіктің бір комитеті бар: Атомдық қадағалау және бақылау комитеті, ол ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік мәселелеріне жауап береді.

Департаменттері Ядролық энергетика департаменті Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Ғылым және инновациялар департаменті Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаменті Халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау департаменті Қазақстандық қамту департаменті Заң қызметі департаменті Персоналды дамыту және кадрлар даярлау департаменті Әкімшілік жұмыс және цифрландыру департаменті Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті Қауіпсіздік және мемлекеттік құпиялар департаменті Ішкі аудит басқармасы Жұртшылықпен байланыс басқармасы

Қарамағындағы ұйымдар «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС

Басшылық Агенттік төрағасы — Алмасадам Сәтқалиев. Төраға орынбасары — Тимур Мифтахұлы Жантикин. Төраға орынбасары — Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов. Төраға орынбасары — бос орын Төраға орынбасары — Василий Сергеевич Лавренов. Аппарат басшысы – Асылов Қуаныш Жұмабекұлы

Басшыларының тізімі №Аты-жөніБасқарған уақытыЛауазымы 1Владимир Школьниктамыз 1992 — тамыз 1994Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бас директоры2Еркін Байәділовтамыз 1994 — қазан 1995Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бас директоры3Тимур Жантикинқазан 1995 — наурыз 1999Ғылым министрлігі — Ғылым академиясы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің бас директорынаурыз 1999 — наурыз 2010Ғылым және жоғары білім министрлігі Атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасыЭнергетика, индустрия және сауда министрлігі Атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасыЭнергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасынаурыз 2010 — мамыр 2012Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасы22 мамыр 2012 — тамыз 2013Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы4Мәжит Шәріповтамыз 2013 — тамыз 2014Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы жөніндегі комитетінің төрағасы5Алмасадам Сәтқалиев18 наурыз 2025 бастапАтом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы

Дереккөздер

А