2025 жылғы 19 наурызда Ыстанбұл әкімі Экрем Имамоглу қамауға алынды. Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның негізгі саяси қарсыластарының бірі ретінде танымал. Имамоглу мен тағы 100-ден астам адамға пара алу және тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деген айып тағылды. Сондай-ақ, Ыстанбұл мэриясының бірқатар шенеунігіне мемлекеттік сатып алулар барысында жемқорлық жасады деген айыптар қойылды. Ыстанбұл мэрінің баспасөз хатшысы Мурат Онгун да ұсталды. Тергеу материалдарында Имамоглу «ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі» ретінде көрсетілген.
thumb|Имамоглу
Қамауға алынар алдында Имамоглу Twitter-де мәлімдеме жасады: «Мен мұны қайғыра отырып айтамын. Біздің ұлтымыздың еркіндігін тартып алғысы келген санаулы адамдар менің сүйікті полиция қызметкерлерімді зұлымдық құралына айналдырды. Біз үлкен зорлық-зомбылыққа тап болдық, бірақ беріспейміз. Мен халқымның қолдауына сенемін. Барлығы білсін – мен тік тұрып, күресті жалғастырамын.»
thumb|Анкарадағы наразылықтар
2025 жылғы 18 наурызда Ыстанбұл университеті Имамоглуның жоғары білім туралы дипломын жарамсыз деп таныды. Бұл оның 2028 жылғы президенттік сайлауға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін.
Қамауға алынғаннан кейін Ыстанбұлда наразылық шерулері басталды. Билік 23 наурызға дейін митингілер өткізуге тыйым салғанына қарамастан, көшеге шыққандар болды.
Дереккөздер
Санат:2025 жылдағы Түркия Санат:Ыстанбұлдағы оқиғалар Санат:Түркиядағы саяси оқиғалар