Туриндегі король сарайы () — Туриндегі Савойялар әулетін басқарған билеушілердің негізгі резиденциясы. 1646-1660 жылдары әкелі-балалы ди Кастельмонтелердің барокко стиліндегі дизайны бойынша салынған сарайдың алғашқы қожайыны Француз Кристинасы болды. Сарайдың кіреберіс баспалдақтарын 18 ғасырда Филиппо Юварра жасаған. Сарай капелласы Турин соборына апаратын өткел арқылы жалғасады, онда Турин кебенегі орналасқан. солға|нобай| Сарайдың қасбеті Савойя үйінің басқа резиденцияларының арасында король сарайы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысаны ретінде қорғалған. 2012 жылы Турин өнер галереясы сарай кешенінің классикалық қанатына көшті, оның алдында антикалық қаланың қирандылары көрінеді.

Ескертпелер

Санат:Турин