Павел Петрович Скоропадский (; 15 мамыр 1873 жыл, Висбаден, Пруссия – 26 сәуір 1945 жыл, Меттен, Бавария) — украиндық ақсүйек, әскери және мемлекеттік қайраткер, 1918 жылғы сәуірдегі төңкерістен сол жылғы желтоқсанға дейін билікте болған Украин державасының гетманы.
Ақсүйектер отбасында туған Скоропадский Паже корпусында мүше болып, ол жерде офицер болды. Орыс-жапон соғысындағы қызметінен кейін полковник болған ол 1910 жылы 20-Финляндиялық драгундық полк басшысы атанды. 1912 жылы Скоропадский генерал-майор және II Николайдың адьютанты болып тағайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол 34-армия корпусының басшылығында болды.
Орталық рада құрылуына әкелген Ақпан төңкерісінен кейін Скоропадский 34-армия корпусын украиндады да, корпус 1-Украин корпусы деп аталып кетті. Герман империясынан көмек көрген Скоропадский Украин Халық Республикасында төңкеріс жасап, орнына Украин державасын құрды. Билігі кезінде ол аустриялық және неміс күштерінің Украина үстінен ықпалын ұлғайтты, орыс жер иеленушілерінің мүддесі үшін қызмет етті. Скоропадский үкіметі, оған қоса, украин білім беруін, сыртқы саясатын және армиясының сапасын жақсартты.
Шығу тегі Павел Скоропадский Скоропадскийлар украиндық әскери және мемлекеттік қайраткерлер әулетінде дүниеге келген. Әулетті XVII ғасырдағы Жёлтые Воды жанындағы шайқасқа қатысқан Фёдор Скоропадский белгілі қылған. Оның немересі Иван Скоропадский (1646–1722) 1708 жылдан бастап Бүкіл Украина гетманы еді. Скоропадскийлар әулеті оның ағайындысынан тараған.
Скоропадскийдің өз үлкен атасы, Михаил Яковлевич Скоропадский, Яков Михайлович Скоропадскийдің ұлы еді.
Павел Скоропадскийдің әкесі гвардия полковнигі және Кавказ соғысының ардагері Пётр Скоропадский (1834–1885) еді. Ол кейін өліміне дейін Стародуб уездік кеңесінің (земство) спикері (маршал) (1869–1885) болған.
Скоропадскийдің тәтесі графиня Елизавета Милорадович (туғанында Скоропадская) (1832–1890) украин қоғам активисі еді. Ол тұңғыш украин ғылыми мекемесі, Львовтағы Тарас Шевченко атындағы ғылыми қоғамның құрылуына ақша бөлгендердің бірі еді. Оның күйеуі Лев Милорадовичтың анасы Көшібай (Кочубей) әулетінен шыққан еді.
Павел Скоропадскийдің өз атасы Иван Михайлович Скоропадский (30 қаңтар 1804 – 8 ақпан 1887) Прилуки уезі (1844–1847) және Полтава губерниясы (1847–1852) кеңестерінің спикері қызметін атқарған. Ол, оған қоса, Тростянец екпетоғайын (қазіргі Чернигов облысында) құрғаны үшін белгілі. 1829 жылы ол Елизавета Тарновскаяға үйленді. Павелдың анасы Мария Андреевна Миклашевская Миклашевский және Олсуфьев руларынан шыққан еді.
Скоропадскийдің тәрбиеленуі әкесінің Тростянецтағы (Прилуки уезі, Полтава губерниясы) меншігінде өткен. Павел Стародубтағы гимназияда білім алып, кейін Санкт-Петербургтағы беделді Паже корпусы мектебіне аттанды. Әскери дайындығы оны орыс мәдениеті және дәстүрлеріне жақын қылды және бұл өзгеріс оның кейінгі өміріне де әскер етті.
Әскери мансабы Тұңғыш тапсырмалары және Орыс-жапон соғысы 1893 жылы Скоропадский Паже корпусындағы оқуын бітірді де, корнет болып тағайындалып, Кавалергард полкындағы эскадрон басшылығына қойылды. Екі жылдан кейін ол дәл сол полкта полктық адъютант болды. 1897 жылғы желтоқсанда ол поручик атағына көтерілді. 1898 жылы Скоропадский Мәскеу генерал-губернаторы Пётр Павлович Дурновоның қызы Александра Петровна Дурновоға үйленді. Жұптың бірге 6 баласы болған, олардың бесеуі сәбиліктен аман қалды. Скоропадскийдің қайын әкесі қайтыс болғанда ол одан жеке меншік мұралады да, осылайша аса бай болды.
Скоропадскийге берілген тұңғыш ірі тапсырма — жүздік қолбасшысы болу және Орыс-жапон соғысы кезінде Читадағы Забайкалье казактарының 2-Чита казактар полкының басшысы болу еді. Кейін ол орыс генералы Николай Линевичтің адъютанты болып тағайындалды. Соғыстағы қызметі үшін ол бірнеше марапатқа да ие болды. 1905 жылғы желтоқсанда патша II Николай оны полковник қылды. 1910 жылғы 4 қыркүйекте флигель-адъютант болған полковник Скоропадский, оған қоса, 20-Финляндиялық драгундық полк қолбасшысы қызметіне келді. 1911 жылғы 15 сәуірде ол кавалергард полкына жылжытылды. 1912 жылғы 6 желтоқсанда ол генерал-майор болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғыс басында Скоропадский 1-армиядағы 1-гвардиялық кавалерия дивизиясы басшылығына тағайындалды. Бұл кезде 1-армияға Павел Ренненкампф басшылық еткен болатын. Скоропадский Ренненкампфпен бірге бұрын Орыс-жапон соғысы кезінде Забайкалье казактарымен бірге жұмыс істеген еді. Шығыспруссия операциясы барысында болған 1914 жылғы 6 тамыздағы Краупишкен маңындағы шайқас Скоропадский полкы үшін аса жемісті болды. Скоропадский кейін Біріккен Кавалерия Гвардиялық Дивизиясын және 5-кавалериялық дивизияны басқаратын болды. 1916 жылғы 2 сәуірде ол генерал-лейтенант атағына ие болды да, 1-гвардиялық кавалерия дивизиясының қолбасшысы болды. 1917 жылғы 22 қаңтардан 2 шілдеге дейін ол 34-армиялық корпусты басқарды. 1917 жылғы шілдеде 34-армия корпусы таратылды да, 1-Украин корпусы атауымен қайта құрылды. 1917 жылғы қазандағы Еркін казактар тұңғыш құрылтайында Скоропадскийге құрметті атаман атағы берілді. 1917 жылғы қазаннан қарашаға дейін оның 60 000 адам армия корпусы Подольеден Полесьеге жүретін темір жолды қорғай алды.
Украинадағы саяси мансабы нобай|оңға|Әулие София соборы, Киев
Брест-Литовск бітімшарты бойынша 1918 жылғы сәуірде неміс әскері социалистік Украин Халық Республикасына қарсы төңкеріс орнатады да, Скоропадскийді Бүкіл Украина гетманы қылады. Питер Кенез сөзінше «неміс әскері Украинаны тағамы және шикізаты үшін оккупациялады, алайда әскер аздығынан Ресей[дің өзіне] басып кіруден аулақ болды».:135
Епископ Никодим Скоропадскийге София соборында қасиетті май жақты. Кейбір украин ұлтшылдар Скоропадскийді немістер коллаборационисі дейді де, бай жер иеленушілер оны қолдап жүр деген айып тағады. Басқа украиндар оны тым ресейшіл, не диктаторлық деп те көреді. Скоропадский, оған қоса, Министрлер Кабинетін орыстілділер, самодержавиешілер, славяншылдарға толы қылады. Бұған қоса ол Украинаның қайта құрылмақ Ресей империясымен бірге бір федерацияда болғанын көздеді. Бұл сынға қарамастан, бастапқы Орталық рададан айыратыны, Скоропадский үкіметі нәтижелі әкімшілік құрылымы, түрлі елдермен дипломатиясы, Кеңестік Ресеймен бітімшарты және түрлі мектеп-университеттерді, соның ішінде Украина ұлттық ғылымдар академиясын құрғаны үшін жоғары бағаланады.
1918 жылғы 11 қарашада Германия Антантамен Уақытша бейбітшілікке келеді; бұл гетман әскері мен халықаралық қолдауы жағдайын анық емес қылды. Сол айда елде көтеріліс басталды да, билікке социал-демократ Симон Петлюра келді. Көтеріліс нәтижесінде Украин Халық Республикасы қайта құрылды, алайда оның билігі 5 директордан тұратын Директорияға берілді. Директорияны Владимир Винниченко басқарды. 1918 жылғы 14 желтоқсанда Скоропадский берілді.
Қуғындағы өмірі нобай|оңға|Сол жақтан екіншісі: Павел Скоропадский
Киевте жасырын жүрген Скоропадский кейін неміс күштерімен бірге Украинадан қашты. 1919 жылдан бастап ол Берлинде тұратын болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы апталарында Скоропадский неміс әскерімен бірге Германияның өзге аймақтарына қашты. 1945 жылғы 16 сәуірде ол бомбалардан жарақат алды да, 26 сәуірде Меттен, Баварияда көз жұмды. Скоропадский Оберстдорфта жерленген.
Скоропадскийдің қызы Елена Скоропадская-Отт (2014 жылы қайтыс болды) Швейцарияда тұратын, Украинаға бірнеше сапар жасап, тарихи еңбектері үшін Отанында құрмет көрді.
Дереккөздер
Санат:Баварияда жерленгендер Санат:Паже корпусы түлектері Санат:Генерал-лейтенанттар (Ресей империясы) Санат:Скоропадскийлар Санат:Кавалергардтар Санат:Орыс-жапон соғысы қатысушылары (Ресей) Санат:Флигель-адъютанттар (Ресей империясы) Санат:Бірінші дүниежүзілік соғыс атты әскерлері (Ресей) Санат:УХР генералдары Санат:Украина билеушілері Санат:Украин державасы саяси қайраткерлері (1918) Санат:Украин державасы армиясының әскерилері Санат:Украина қолбасшылары Санат:Орыс эмигранттарының Германияға алғашқы толқыны Санат:Эмигрант саясаткерлер Санат:Украина мемуаршылары