Алияр Бақтиярұлы Мұхамед 21 наурыз 2001, Арыс қаласы) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Оқжетпес" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық Шымкент футболының түлегі. 2018 жылы "Оңтүстік Академия" сапында екінші лигада карьерасын бастады. 2021 жылы "Тұран" клубына ауысты да, Қазақстан премьер лигасында өнер көрсетті.
2023 жылғы маусымды "Мақтарал" сапында өткізді.
Халықаралық Қазақстанның 17, 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады.
2024 жылғы "Жетісу" мен "Оқжетпес" сапында өткізген сәтті маусымнан соң Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Әли Әлиев құрамаға шақырды. 2025 жылы 19 наурызда Кюрасаомен өткен жолдастық кездесудің 46-минутында Ян Вороговскийдің орнына алаңға шықты.
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Оңтүстік Академия ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары Санат:Мақтаарал ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары