Жеңіс — Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен оңтүстікке қарай 6 км-дей жерде, сексеуіл аралас жүзгін, жусан өскен шалғынды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14921836 1421 77,4 910 747 82,1 926 674 72,8
Тарихы Іргесі 1958 жылы мақта өсіретін Коммунизм кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде Жеңісте 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері