Қылыш Төлепов (1902—1992) — Қазақ КСР Ақтөбе облысы Байғанин ауданы «Сағыз» кеңшарының аға шопаны. Социалистік еңбек ері (1966).
Өмірбаяны 1902 жылы қазіргі Байғанин ауданы аумағында шаруа отбасында дүниеге келген. 1928 жылға дейін батырақтықпен айналысты. Кейін Гурьев облысына қоныс аударып, балық шаруашылығының бірінде жұмыс істейді. Содан соң Гурьев облысындағы «Мұқыр» ұжымшарында шопан болды. 1952 жылдан бастап — Байғанин ауданындағы «Сағыз» кеңшарының аға шопаны болып еңбектенді.
Қылыш Төлеповтің бригадасы 1965 жылы қой шаруашылығында тамаша еңбек жетістіктеріне қол жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен «Мал шаруашылығын дамытуда, ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындауды арттыруда қол жеткізген табыстары үшін» оған Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» медалін табыстау арқылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1958 жылы қой шаруашылығындағы жоғары көрсеткіштері үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Оның есімі Ақтөбе облысының «Еңбек Даңқы кітабына» енгізді «Ешкім де, ешнәрсе де ешқашан ұмытылмайды!» блогы.
ХШЖК Бүкілодақтық көрмесіне қатысқан.
1992 жылы дүние салды.
Марапаттары Социалистік еңбек ері Ленин ордені Еңбек Қызыл Туы ордені
Әдебиет Ақтөбе: Энциклопедия. — Ақтөбе, 2001. — 748 б.
Сілтеме Қылыш Төлепов. «Герои страны» сайтында
Дереккөздер
Санат:Шопандар