ГАЗ-3307 — КСРО мен Ресейде шығарылған төртінші буындағы орташа тоннажды жүк көлігі. Бұл модель ГАЗ-53 сериясының ізбасары ретінде 1989 жылы шығарылып, 2020 жылға дейін өндірісте болды. ГАЗ-3309 – дизельді нұсқасы болып табылады.
Қысқаша сипаттама ГАЗ-3307 бензинді ЗМЗ-511 (V8, 4.25 л) және кейінірек ЗМЗ-5231, ЗМЗ-5244 қозғалтқыштарымен жабдықталған. Кейінгі жылдары дизельді нұсқалар — ЯМЗ-534 және ММЗ Д-245 орнатылды. Қозғалтқыштар Еуро-1-ден Еуро-5-ке дейінгі экостандарттарға сәйкес келді. Жүккөліктің максималды жылдамдығы – 90–110 км/сағ аралығында, ал жүккөтергіштігі шамамен 4,5 тонна.
Тарих ГАЗ-3307 1980-жылдары ГАЗ-4301 жобасы аясында жасалған жаңа буын кабинасымен және технологиялық жаңартулармен келді. 1994 жылдан бастап ГАЗ-3309 дизельді нұсқасы ұсынылды. 2000 жылдары модельге жаңа қозғалтқыштар мен АБС сияқты жүйелер енгізілді. Өндіріс 2020 жылы ресми түрде тоқтатылды, бірақ кейбір шассилер арнайы тапсырыспен жиналып жатыр.
Модификациялар ГАЗ-3306 — ГАЗ-544.10 (R4, ауа салқындатқышы, атмосфералық, 4,15 л, 85 а.к., Deutz лицензиясы) дизель қозғалтқышымен борттық жүк көлігі. Жүк көтергіштігі — 3,0 т. 1992—1995 жылдары өндірілді. ГАЗ-33061 — ГАЗ-52 агрегаттарына негізделген өтпелі модель, ГАЗ-52 карбюраторлы қозғалтқышымен. Жүк көтергіштігі — 2,5 т. 1992—1993 жылдары негізінен жүк-жолаушы такси ретінде өндірілді. ГАЗ-3307 — ЗМЗ-511.10 (2008 жылдан бастап — ЗМЗ-5231.10) карбюраторлы қозғалтқышымен борттық жүк көлігі және шасси. Жүк көтергіштігі — 4,5 т. 1989—1996 және 1997–2009 жылдары сериялық өндірілді. 2010–2016 жылдары шағын сериямен шықты. 2016 жылы инжекторлы ЗМЗ-524400 (V8, 137 а.к., Еуро-5) қозғалтқышымен, ABS жүйесімен және шиберлі рульдік гидрокүшейткішпен сертификатталды. ГАЗ-330701 — солтүстік климатқа арналған модификация. ГАЗ-330706 — қалыпты климатты елдерге арналған экспорттық модификация. ГАЗ-330707 — тропикалық климатты елдерге арналған экспорттық модификация. ГАЗ-33072 — самосвалдарға арналған шасси (негізінен САЗ). ГАЗ-33073 — жүк-жолаушы такси. Платформасы ГАЗ-66-11 (1993 ж.) үлгісіне ұқсас. ГАЗ-33074 — КАвЗ-3976 автобустарына арналған шасси. ЗМЗ-513.10 қозғалтқышы. Қақпақпен және алдыңғы бөлікпен, бірақ кабинасыз жеткізілді. 1990–1996 және 1997–2008 жылдары өндірілді. ГАЗ-33075 — сұйытылған газбен жұмыс істейтін нұсқа. ЗМЗ-513.10 қозғалтқышы. Сериялық өндірілмеген, 2012 жылға дейін шағын фирмалар қайта жабдықтады. ГАЗ-33076 — сығылған газбен жұмыс істейтін нұсқа. ЗМЗ-513.10 қозғалтқышы. Сериялық өндірілмеген. ГАЗ-33078 — Hino W04CT (136 а.к.) дизелімен шығарылған. 1992–1995 жж. тапсырыспен өндірілді.
Дизель қозғалтқыштарының техникалық сипаттамалары
ММЗ ММЗ Д-245.7Е4 моделі (ГАЗ-330900 үшін)
Қатарлы, 4 цилиндрлі, 4 тактілі, сұйықтықпен салқындатылатын дизель қозғалтқышы, турбонаддувпен және ауа салқындатқышымен, тікелей отын бүрку жүйесімен, төртінші экологиялық сынып (Еуро-4). Жұмыс көлемі, л — 4,75 Қысу дәрежесі — 17,0 Қуаты, а.к. (кВт) / айн/мин — 125,4 (92,2) / 2200 Макс. айналдыру моменті, кгс·м (Н·м) / айн/мин — 42,5 (417) / 1100–2100 Арнайы отын шығыны, г/а.к.·сағ (г/кВт) — 154 (210) Салмағы, кг — 430 Отын түрі: ГОСТ Р 52368-2005 II немесе III түріндегі дизель отыны
ЯМЗ-5344 (2013 жылғы үлгі) ЯМЗ-5344 моделі (ГАЗ-33098 үшін)
Қатарлы, 4 цилиндрлі, 4 тактілі, сұйықтықпен салқындатылатын дизель қозғалтқышы, турбонаддувпен және ауа салқындатқышымен, тікелей отын бүрку жүйесімен, төртінші экологиялық сынып (Еуро-4). Жұмыс көлемі, л — 4,43 Қысу дәрежесі — 17,5 Қуаты, а.к. (кВт) / айн/мин — 134,5 (99) / 2300 Макс. айналдыру моменті, кгс·м (Н·м) / айн/мин — 42,5 (417) / 1200–2100 Арнайы отын шығыны, г/а.к.·сағ (г/кВт) — 197 (145) Тұрақты 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғандағы отын шығыны — 15,5 л/100 км, 80 км/сағ — 19,0 л/100 км Салмағы — 460 кг Отын түрі: ГОСТ Р 52368-2005 II немесе III түріндегі дизель отыны
Тапсырыс бойынша автокөлік алдын ала жылыту құрылғысымен жабдықталуы мүмкін.
ЯМЗ-53443 (2016 жылғы үлгі) ЯМЗ-53443 моделі (ГАЗ-33098 үшін)
Қатарлы, 4 цилиндрлі, 4 тактілі, сұйықтықпен салқындатылатын дизель қозғалтқышы, турбонаддувпен және ауа салқындатқышымен, тікелей отын бүрку жүйесімен, бесінші экологиялық сынып (Еуро-5). Жұмыс көлемі, л — 4,43 Қысу дәрежесі — 17,5 Қуаты, а.к. (кВт) / айн/мин — 146,9 (109,5) / 2300 Макс. айналдыру моменті, кгс·м (Н·м) / айн/мин — 49,9 (490) / 1200–2100 Арнайы отын шығыны, г/а.к.·сағ (г/кВт) — 197 (145) Тұрақты 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалғандағы отын шығыны — 15,5 л/100 км, 80 км/сағ — 19,0 л/100 км Салмағы — 480 кг Отын түрі: ГОСТ Р 52368-2005 III түріндегі дизель отыны
Тапсырыс бойынша автокөлік алдын ала жылыту құрылғысымен жабдықталуы мүмкін.
Дереккөздер
Ежегодник Большой советской энциклопедии. — 1987 (вып. 31). — М.: Советская энциклопедия, 1987. — С. 42. Каменев С. Грузовые автомобили СССР. — Москва: Транспорт, 2002. — 320 с. ISBN 5-277-01597-0. Wikimedia Commons — Category:GAZ-3307 Санат:ГАЗ көліктері Санат:Жүк көліктері Санат:КСРО жүк көліктері