Джон Вудрафф (5.07.1915–30.10.2007) — АҚШ жеңіл атлеті, Олимпиада чемпионы.

1936 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ол 800 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алады. Спорттық мансабын 1940 жылға дейін жалғастырды.

Әскери қызметін 1941 жылы бастап, 1945 жылы аяқтады. Алайда Корей соғысына байланысты қайтадан армия қатарына қосылып, 1957 жылы ғана подполковник лауазымында қызметінен шығады. Кейінгі жылдары бапкерлік жұмыспен айналысқан."John Woodruff, an Olympian, Dies at 92", The New York Times 2007

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:АҚШ жеңіл атлеттері Санат:АҚШ Олимпиада чемпиондары Санат:1936 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары