Кузьма Григорьевич Абрамов (12 қараша 1914 жыл, Старые Найманы, Ардатов уезі, Сімбір губерниясы – 4 тамыз 2008 жыл, Саранск) — кеңестік және ресейлік жазушы, драматург, Мордовия Республикасының халық жазушысы, Мордовия Республикасының құрметті азаматы.

Өмірбаяны Абрамов 1914 жылғы 12 қарашада (ескі күнтізбе бойынша 30 қазанда) Старые Найманы ауылындағы орыс-эрзя отбасында дүниеге келген. Әкесі Григорий Степанович (1888–1952) кәсіпші болды, Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты, майданда коммунист атанып, мемлекеттік қайраткер, Пичеуры және Большие Березники болыстары атқару комитеттерінің төрағасы болды. Анасы Анастасия Максимовна (1895–1952) үй шаруасымен айналысты.

1920 жылы Абрамовтар Молния ауылына көшті де, сол жерде әкесі мордва коммунасының негізін салды. Бірнеше жылдан кейін ол ыдырады да, Абрамовтар ауылда тұра берді.

1933 жылы Кузьма Абрамов Мордовия педагогикалық институтына түсті, бірақ бір жыл өте оқуын қойды. 1935 жылдан бастап Абрамов Косогоры ауылында эрзя тілін оқытты.

1939 жылы күздігүні Абрамов әскерге шақырылды да, ол қызметін Славута қаласында өтеді. Ол жаяу әскер училищесіне түсті де, Тамбовта оны бітірді.

Абрамов Екінші дүниежүзілік соғысқа КСРО жағынан қатысты. 1941 жылғы шілдеден бастап ол Батыс майданда миномёт взводының командирі болды. Абрамов Глуховта қатты жарақаттанды да, госпитальдан кейін Мәскеуде шайқасты. 1942 жылғы сәуірде ол «зақымды», тұтқын атанды. Ақырында америкалық сарбаздар Нюрнбергте Абрамовты азат қылды.

1949 жылдан бері Абрамов — КСРО Жазушылар одағының мүшесі.

Соғыстан кейін Абрамов Мордовия педагогикалық институтындағы оқуға түсті. 1954 жылы ол орыс тілі мен әдебиеті мамандығындағы оқуын бітірді. Нәтижесінде Абрамов Мордовия ауылдарында орыс тілін оқытты, кейін Мордовия кітап баспасының редакторы, редакция меңгерушісі, бас редакторы болды. 1960 жылдардан өмірінің соңына дейін Абрамов жазушылықпен айналысты.

Шығармашылығы нобай|оңға|Абрамов пен немере қызы

Жазушы ретінде шығармашылығын Абрамов 1934 жылы Сятко газетіне «Веть паксясо» («Түнде далада») тақпақ жазғаны арқылы бастады.

Соғысқа дейін Абрамов шамамен отыз тақпақ жазған, 1940 жылы «Стихть» («Тақпақтар») жинағын жариялады. Ол Тарас Шевченко, Михаил Лермонтов пен Николай Некрасов шығармаларын, «Сасундық Давид» армян эпосының бөліктерін эрзя тіліне аударды.

1948 жылдан Абрамов «Пелькстамо» («Жарыс») пьесасы арқылы драматург та атанды. Абрамов ақыр аяғында жиырма шақты пьеса жазды да, олардың бөлігін Мордовия драма театры сомдап та көрді. Пьесаның бүкілі де эрзя тілінде жарияланды да,Од вий, 1951; Пьесы // Собр. соч. в 3 тт. Т. 3. — Саранск: Мордкиз, 2004. — С. 324—718 Абрамов осылайша «эрзя бас драматургтерінің бірі» аталды.От издательства // Кузьма Абрамов. Собр. соч. в 7 т. Т. 7. — Саранск: Мордов. кн. изд-во, 1999. — С. 537. Абрамов әңгімелерінің жинақтары 1950 жылдардың соңынан 1960 жылдардың басына дейін шығып тұрды.Рассказы. — Саранск: Мордкиз, 1959; Русые косы. — М., 1961.

Кейін трилогия басына айналған Абрамовтың «Найман» тұңғыш романы 1957 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аудармасы «Орман шулағанын қоймады» («Лес шуметь не перестал») (1961) делінді.Аннотация ко второму изданию романа «Лес шуметь не перестал». — М.: Советская Россия, 1970. — С. 3. Роман «мордва әдебиетіндегі тұңғыш көп жоспарлы роман» атанды.Кирюшкин Б. Первый многоплановый роман // Тр. НИИ яз., лит., истории и экономики при Совете Министров МАССР. — Саранск, 1964. — Вып. 26. — (Серия филолог.). — С. 32—68. Абрамов тарихқа негізделген шығармалар да, соның ішінде Пургаз құрметіне жасалған еңбектер жасаған.

Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы ордені (11 наурыз 1985) Еңбек Қызыл Туы ордені (28 қазан 1967) Халықтар достығы ордені (11 қараша 1984) Қызыл жұлдыз ордені (14 сәуір 1958) «Германияға қарсы жеңісі үшін» медаль (14 шілде 1947) Мерекелік медальдар

Ескертпелер

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Санат:Эрзя жазушылары Санат:Эрзя ақындары Санат:КСРО жазушылары Санат:КСРО драматургтері Санат:КСРО ақындары Санат:Ресей жазушылары Санат:Ресей драматургтері Санат:Ресей ақындары