Тәлімаржан () — Өзбекстанның Қашқадария облысы Нышан ауданындағы қала. Қала халқы: 9900 адам.
Сипаттама Тәлімаржан — Қашқадария облысының оңтүстігінде, Түрікменстанмен шекаралас жерде орналасқан. Қала арқылы Қаршы-Атамұрат темір жолы өтеді, ал солтүстікте Қаршы каналының суландыру жүйесіне кіретін аттас су қоймасы бар.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Тәлімаржан — шағын қала. Халық саны бойынша өз елінде 182-ші орында (Өзбекстан), облыста 15-ші орында (Қашқадария облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 29945 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Ақалтын (37 км), Жаңа Нышан (40 км), Бескент (57 км), Керкі (59 км, Түрікменстан), Қаршы (65 км), Жаңа Мырышкер (65 км), Мағданлы (70 км, Түрікменстан), Ғұзар (70 км), Мұғлан (70 км), Қасан (81 км), Қамашы (97 км), Мүбарак (111 км).
Тарихы 1964 жылы Қаршы шөлінің дамуына байланысты құрылды. Қала мәртебесі — 1975 жылдан (бұған дейін қала типті елді мекен мәртебесіне ие болған). КСРО ыдырағаннан кейін қала Өзбекстан мен Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы арқылы екіге бөлінді. 2005 жылдан бері Тәлімаржан ГРЭС-і жұмыс істейді.
Қаладан алыс емес жерде тұщы ауыз суды жинауға, сақтауға және пайдалануға арналған көне гидротехникалық құрылыс — Тәлімаржан Сардоба деп аталатын ғимарат бар.
Экономикасы және инфрақұрылымы Тәлімаржанда Қаршы арнасы мен сорғы станцияларын пайдалану бөлімі, осы бөлімнің орталық жөндеу шеберханасы, автокәсіпорын және т.б. орналасқан.
Қалада жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік лицей, ашық бассейні бар спорт кешені, аурухана, перзентхана, емхана, дәріхана бар. Тәлімаржан Қаршымен темір жол және автомобиль көлігімен байланысады.
Дереккөздер
Санат:Қашқадария облысы қалалары