Ернар Жеңісұлы Баспаев (26 наурыз 1979, Атырау) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, заңгер, Президент кеңесшісі (2023—2025).
Өмірбаяны 1979 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.
2002—2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары болды.
2006—2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды.
2010—2013 жылдары Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі болды.
2013—2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
2019—2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2022 жылғы 9 желтоқсан — 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2023 жылғы 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Баспаев Ернар Жеңісұлы 2025 жылғы 25 қыркүйекте лауазымынан босатылды.Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды
Марапаттары «Құрмет» (2018), «Парасат» (2024) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2021, 2022), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2014), «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2013), «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 20 жыл» (2011) ведомстволық және 3 мерекелік медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері