«Qaitadan» — қазақстандық драма-фантастика жанрындағы көркем фильм. Режиссері – Думан Еркімбек. Картина 2025 жылы түсіріліп, 4 қыркүйекте Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады. Бұл – Қазақстандағы алғашқы ірі бюджетпен түсірілген апатты-фантастикалық фильмдердің бірі.

Тарихы Мазмұны Басты кейіпкер — мектеп бітіруші жасөспірім Рауан (Жасұлан Көпберген). ҰБТ-дан бар болғаны 21 балл алып, қаладағы ата-анасының үмітін ақтамаған соң, ол ауылдағы туыстарына жіберіледі. Рауан ауыл тіршілігіне бейімделе алмай, өз ортасында бөтен сезінеді: оны үнемі әзілімен «тролльдейтін» ағасы Әбіш (Ашим Ахметов), бұзақы Жігер (Ермек Шынболатов), сүйкімді жиені Ақош (Рамазан Макабатұлы) және дүкенші қыз Бағым (Шұғыла Ешенова) күн сайын алдынан шығады.

Алайда күннің соңында ауылды бөгет жарылып, тасқын қиратады. Бұл жағдай уақыт петлясына айналып, қайта-қайта қайталанады. Рауан әр жаңа циклде апатты тоқтатуға және жақындарын құтқаруға мүмкіндік алады.

Түсірілуі Фильм идеясы режиссерге 2020 жылы Алматы облысының Күрті ауылында болған кезде туған. Сол ауылдың шетінде дамбыны көріп «егер жарылып кетер болса, ауылдың түгі қалмайды ғой» деген ой келеді. Ақыры осы идеяны дамыта келе, «Қайтаданның» сценарийін жазды. Сценарийде нақты бір тарихи апат алынбаған, оқиға жинақталған сипатта берілген.

Сюжеттің негізіне «уақыттың қайталануы» (time loop) тәсілі алынып, бұл көрерменге ұрпақтардың қателіктері мен олардың қайталануы туралы ой тастайды.

Түсірілімдер толықтай Алматы облысында өтті. Бөгеттің қирау көріністері арнайы тұрғызылған декорацияларды бірнеше рет құлату арқылы жүзеге асырылды. Продюсер Жалын Тілеуберген жобаны қаржыландыру үшін жеке қаражатын, соның ішінде мүлкін пайдаланған.

Шығармашылық топ Режиссер: Думан Еркімбек Оператор: Азамат Дулатов Жасұлан Көпберген — Рауан Ермек Шынболатов Алмат Сақатов

Премьера Фильмнің премьерасы 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан кинотеатрларында өтті. Жобаға Қазақстанның Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы қолдау көрсеткен. Фильм прокаттың алғашқы аптасында 400 млн теңгеден астам жинап, қазақстандық кино үшін айтарлықтай жетістікке жетті.

Қабылдануы Фильм қазақстандық кинематографияда жаңа бағыт болып саналды. Көрермендер мен сыншылардың пікірлері аралас болғанымен, негізінен оң қабылданды.

Сын-пікірлер: кейбір көрермендер фильмді 2010 жылғы Қызылағаштағы нақты апатпен салыстырып, тарихи трагедияның ауқымы толық жеткізілмегенін айтты, компьютерлік графикадағы әлсіз тұстар (бөгеттің жарықтары, қайталанатын кадрлар), техникалық ұсақ қателіктер.

Марапаттар Golden Panda Awards (Қытай) — Азамат Дулатов «Ең үздік операторлық жұмыс» жүлдесін иеленді. Фильм бірнеше халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, техникалық және көркемдік деңгейі жоғары бағаланды.

Деректер Жас ұрпақ пен ата-ана арасындағы түсініспеушілік, жауапкершілік мәселелері негізгі тақырып ретінде алынған. Фильм комедия, драма және әлеуметтік сатира элементтерін бір арнаға тоғыстырған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан драма фильмдері Санат:Қазақстан фантастика фильмдері