Оңтүстік Аламысық () — Жалаңқұдық ауданында (Өзбекстан, Әндіжан облысы) Қатартал каналының жағасында орналасқан қала типтес елді мекен. Халқы: 6184 (1989 ж.).

Оңтүстік Аламысық 1943 жылы мұнай кеніші ашылғаннан кейін құрылды. Халықтың көпшілігі мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істейді. Мұнда екі мемлекеттік мектеп, музыка мектебі, киім-кешек фабрикасы, автокөлік кәсіпорны, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, сауда орындары, физиотерапиялық санаторий бар.

Дереккөздер

Санат:Әндіжан облысы елді мекендері