«АПСА Лондон» (;) — Англияның Лондон қаласында орналасқан Non-League футбол клубы, қазір Essex Alliance Football League дивизионында ойнайды. Өз алаңындағы ойындарын Flanders Playing Fields стадионында өткізеді.

Тарихы Клуб 1993 жылы құрылды. Бастапқыда олардың атауы Ahle Sunnah болды. Команда East Ham колледжінің достар тобымен құрылып, жасы 16-дан асқандықтан жастар футболында ойнауға құқығы жоқ болған жергілікті Young Muslims командасымен бірікті. АПСА Лондон тарихтағы алғашқы Азия Лигасының чемпионы атанды.

Клуб Азия ұйымдары өткізетін жарыстарда ойнады, кейін 2000 жылы Лондон Интермедиат Лигасына қосылуға шешім қабылдады. Алайда маусым басталмас бұрын клуб лигадан шығып, Эссекс Бизнес Хаусес Лигасының Жоғары Интермедиат дивизионына қосылды. Олар бұл дивизионда үш маусым ойнап, 2003–04 маусымынан бастап Эссекс Жоғары Лигасына өтті және 2016 жылға дейін сол лигада өнер көрсеттіFCHD Football Club History Database.

2014 жылы клубтың атауы Ньюхэм футбол клубы болып өзгертілді. 2015–16 маусымының соңында клуб кестеде соңғы орын алғаннан кейін Эссекс Жоғары Лигасынан шығып, Эссекс Олимпиялық Лигасына ауысты. Сонымен қатар клуб бұрынғы атауына қайта оралып, АПСА Лондон деп атала бастады.

Жетістіктері Ең жоғары лигадағы нәтиже: 2005–06 маусымында Эссекс Жоғары Лигасында 9-орын

Дереккөздер

Санат:Англия футбол клубтары