Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924 жылғы 17 тамызда Ақтөбе облысы Ойыл ауылында туған – 2020 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында қайтыс болған) – филология ғылымдарының докторы (1972), профессор (1989). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1989), Сәтіғали Құтқожин мен Айғанымның қызы.
Өмірбаяны
Жыл Оқиға1924 жылыРәбиға Сәтіғалиқызы дүниеге келеді.1937 жылыҚуғын-сүргінге ұшыраған. 1940 жылы Ақтөбедегі (Темір қаласы) педагогикалық училищені бітірген1943 жылыПедучилищені толық аяқтап, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруге жұмысқа орналасады.1944 жылыАқтөбедегі пединститутқа оқуға түсіп, жедел тәмамдап, үздік бітіріп шығады. 1945 жылы«Ұлы Отан соғысы кезінде еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталады.1945 жылыАбайдың 100 жылдық мерейтойы мен дәстүрлі Тамыз конференциясына қатысуға делегат мүшесі боп аттанады. 1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген1950 жылы«Халық жауының қызы» атымен ұрпақ тәрбиелеу ісінен шеттетіледі. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың аспирантурасын бітірген1957 жылыІсмет Кеңесбаевтың шақыртуымен Ғылым Академиясына ауысып, нағыз ғалымдық жолға түседі. 1959 жылы«Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1940 – 1994 жылы мектепте мұғалім, педучилищеде оқытушы, “Мектеп” (қазіргі “Рауан”) баспасында редактор, редакция меңгерушісі 1961 – 1967 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімнің меңгерушісі1964 жылыҚ. Жұбановқа арнап баяндама жасап, кейін «Ғалым-азамат» атты кітапша шығарады.1971 жылы«Абай шығармаларының тілі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1980 – 1994 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында тіл мәдениеті бөлімнің меңгерушісі 1994 жыл құрметті демалыста1995 жылыШ. Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Зерттеулер Сыздық Рәбиға "Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" (1959) тақырыбында кандидаттық, Сыздық Рәбиға “Абай шығармаларының тілі” (1972) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастыруға арналған “Тілдік норма және стиль” (1984) еңбегі – қазақ тіл мәдениетінің негізін қалаушы зерттеушілердің бірі. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті, орфография, жазу теориясы, Ахметтану, лингводидактика салаларында 100-ден астам магистрлік және кандидаттық диссертациялар қорғаған.
Марапаттары “Қазақ әдеби тілінің тарихы” монографиясы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1995), Абайдың шығармалық мұрасын зерттеген еңбектер топтамасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1996) алған. Түркітану саласындағы еңбектері үшін халықаралық конференцияларда бірнеше мәрте арнайы дипломдар мен сертификаттарға ие болды. “Құрмет белгісі” (1971), “Парасат” (2004) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш, А., 1959, 1996; Сөздер сөйлейді, А., 1980, 1994, 2004; Сөз сазы, А., 1983; А.Байтұрсынов, А., 1990; Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1993, 2004; Абайдың сөз өрнегі, А., 1995, 2004; Сөз құдіреті, А., 1997; Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000; Тілдік норма және оның қалыптасуы, Аст., 2001; Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі, А., 2004; Қ.А. Иасауи “Хикметтерінің” тілі, А., 2004.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Рабиға Сыздық: Ғылымда жүрген қазақ әйелінің жүгі өте ауыр
Санат:17 тамызда туғандар Санат:Ойыл ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Профессорлар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері