Аустрия-Қытай қатынастары — Аустрия мен Қытай арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар.
Тарихы Аустрия-Мажарстан Сегіз ұлт альянсының құрамында болып, Ихэтуань көтерілісін басуға қатысқан. Қорытынды хаттамаға қол қойғаннан кейін, альянс мүшелері сияқты, Тяньцзиньнен концессия алды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде екі ел қарама-қарсы одақтардың құрамында болды: Аустрия-Мажарстан Орталық державалар қатарында, ал Қытай Антантаның жағында соғысқа қатысты. Мемлекеттер соғыс жағдайында болды. Қытай Республикасы майданға әскер жібермегенімен, одақтастарына жүз мыңдаған жұмысшы жөнелтті. Қытай сондай-ақ Аустрия-Мажарстанның Тяньцзиндегі концессиясын жойды. Соғыста Орталық державалардың жеңілісінен кейін, Қытай Республикасы Аустриямен Сен-Жермен шартына қол қойды.
Аустрия Қытай Халық Республикасын ресми түрде 1971 жылғы 28 мамырда таныды. 2018 жылғы сәуірде Аустрия мен Қытай ынтымақтастықты дамыту және Аустрияның «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қосылуы жөніндегі келісімге қол қойды.
Дипломатиялық өкілдіктер Аустрияның Қытай астанасы Бейжіңде елшілігі бар. Қытайдың Аустрия астанасы Венада елшілігі бар.
Дереккөздер
Санат:Аустрия екіжақты қатынастары Санат:Қытай екіжақты қатынастары