нобай|оңға|Лучоб паркіндегі Мұхаммед Әсімов қабірі
Лучоб паркі () — Тәжікстандағы парк. Аттас төбе (теңіз деңгейінен 60 метр жоғары) маңында, Душанбе қаласының солтүстік-батыс бөлігінде (Сино ауданында) орналасқан.
Сипаттамасы Лучоб паркі да, төбесі де Лючоб пен Варзоб өзендерінің иреңінде орналасқан. Оның солтүстік бөлігі Лучоб елді мекені мен Дене шынықтыру институты ғимараттар кешенінен, оңтүстік бөлігі аттас парк пен Тәжікстан мәдени мен ғылым тұлғаларына арналған ескерткіш алаңынан, батыс бөлігі өзендер иреңі мен Тәжік ұлттық университеті ғимараттынан құралған. Парктің аумағы абаттанған, жолы, ішілетін субұрқақтары бар. Жалпы ауданы — 10 гектар.
Тарихы Лучоб паркінің құрылысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі заманда басталды. 1980 жылы оңтүстік бөлігінде Мырза Тұрсынзаде кесенесі құрылды (авторлары — архитектор пен мүсінші Д. Рябичев).
Ескерткіш комплексі Парктің батыс жағында, Мырза Тұрсынзаде кесенесі маңындағы көгалдандырылған жерде «Лучоб зираты» делінетін ескерткіштер алаңы бар. Ол жерде Тәжікстан мәдениеті және ғылымының түрлі қайраткерлері жерленген: әдебиетшілер Лоик Шерәлі, Джалол Икроми, Фазлиддин Мұхаммедиев, ғалымдар Рауф Баратов, Мұхаммеджан Шакури, әртістер Мәлика Сәбирова, Туфа Фазылова, Асли Бурханов, Ғафар Валамат-Заде, басқалар.
2017 жылғы қазанда Тәжікстанның бұрынғы билеушілері Джабар Расулов пен Бобожан Ғафуров, халық ақыны Боки Рохимзода, академик Мұхаммед Әсімов, ғалымдар Камола Айни, Мұқаддим Ашрафи қабірлері Лучоб паркіне жылжытылды. Олар реконструкцияда болған С. Айни атындағы Мәдениет және демалыс паркінен жылжытылған болатын.
Дереккөздер
Санат:Душанбе бақтары мен парктері Санат:Душанбе зираттары