Волчанск (, , ) — солтүстік-шығыс Украинадағы Харьков облысының Чугуев ауданындағы қала, әкімшілік орталығы. Қала бойымен Донец өзенінің саласы Волчья ағады.
Қалада 17 459 адам (2022 жылғы шамалау) тұрады. Алайда Орыс-украин соғысының Харьков облысындағы шайқастары себебінен бұл сан 2024 жылғы мамырға қарай шамамен 300-ге дейін түсті. 2025 жылғы ақпаратша қалада тұрғын қалмаған.
2025 жылғы 28 желтоқсан ақпаратынша Волчанскінің басым көбі қираған, Ресейдің Украинаға басып кіруі барысындағы орыс әскерінің қалада орналасқаны себебінен.
Тарихы нобай|солға|1787 жылғы Волчанск картасы нобай|солға|1937 жылы Павел Постышев жойған Киелі Үштік соборы
Волчанскідегі тұңғыш қоныс Орыс патшалығы тұсында, 1674 жылы орналасқан болатын. Белгород моныстарьінің жері кеңейгенде жерге Мартин Старочудный бастаған днепрлік Украиналық мигранттар қоныстанған болатын. Оған Волчье атауы берілді де, ол күзет елді мекені атанды.
1780 жылғы сәуірде оның атауы ресми түрде Волчанск деп ауысты, ол Ресей империясының Харьков губерниясындағы Волчанск уезінің әкімшілік орталығы атанды. Верховна Рада 1780 жылды Волчанскінің негізделу жылы дейді.
1674 және 1780 жылдар аралығында көптеген өзгерістер арқылы Ресей империясының шекаралары қоныстан алыстады.
Белгород–Донбасс темір жолы 1896 жылдан Волчанск арқылы өтетін болды. Оған қоса 1918 жылғы ақпаннан бері қалада қалалық газет шығып жүрді.
Бір кезде Волчанск Донецк-Кривой Рог Кеңестік Республикасының құрамына кірді, дегенмен 1918 жылғы көктемде оны неміс әскерлері басып алды. Бұл 1918 жылғы қарашаға дейін созылды.
1923 жылғы 12 сәуірде Украин КСР-да түрлі әкімшілік-аумақтық реформалар орын алды. Волчанск ауданы 8 түрлі ауданға бөлінді: Белый Колодезь, Великий Бурлук, Волчанск, Жовтневое, Печенеги, Рубежное, Хотомля, Шипуватое. 1924 жылғы 1 қаңтардағы ақпаратша Волчанск ауданында 27 329 адам тұржы. Голодомор аштығы қала қатты қинады. Волчанск, Первые Заводы, Вторые Заводы, Чаплиевка, Гергелевкадағы аштықтың белгілі құрбандары 1 789 адам болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы Харьков операциясы себебінен 1942 жылғы 10 маусымда Волчанскіні Вермахт басып алған болатын. Оны 1943 жылғы тамызда Қызыл әскер азат еткен еді.
Украинадағы экономикалық дағдарыс қаладағы индустрияға соққыдай болды. Кеңес заманында құрылған сүт өнімі фабрикасы жұмысын тоқтатты, 2009 жылғы желтоқсанға қарай жоқ болды.
2020 жылғы шілдедегі Украина реформалары Волчанск ауданын ыдыратты. Енді Харьков облысында тек 7 аудан қалды. Волчанск ауданының аумағы Чугуев ауданына көшті.
2020 жылғы 18 шілдеге дейін Волчанск Волчанск ауданының әкімшілік орталығы еді.
Орыс-украин соғысы нобай|солға|Орыс әскерінің бомбалауынан кейінгі Волчанск, 2024 жылғы 17 наурыз
Волчанск қаласын Ресей әскерлері 2022 жылғы 24 ақпанда, Ресейдің Украинаға басып кіруінің алғашқы күнінде басып алды. Харьковщинадағы қарсы шабуыл арқасында оны 2022 жылғы 10 қыркүйекте украин әскерлері қайтарып алды.
2024 жылғы 10 мамырда Ресей күштері Волчанск маңында жаңа шабуыл бастады. Украина әскери дереккөзінің мәліметінше оның мақсаты — Ресей шекарасынан кемінде 10 шақырым қашықтықта буфер аймағын құру болды. Волчанск шабуылдың орталық нүктесіне айналды, қала бомбалануы күшейе түсті. 12 мамырда Ресей әскерлері Волчанскінің солтүстігіне кіріп, Волчанск ет өңдеу зауытын басып алу арқылы қалада нығайып, өз орнын тапты. 14 мамырдағы геолокациялық кадрлар Ресей күштерінің қаланың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөліктері арқылы алға жылжуын жалғастырып жатқанын растады.
15 мамырда Украина әскери күштерінің өкілі «әскери қызметшілеріміздің өмірін сақтап қалу және шығындарды болдырмау» және «тиімдірек позицияларға» көшу үшін Лукьянцы мен Волчанск аймақтарынан әскерлер шығарылғанын және жағдай «қиын болып қала беретінін» мәлімдеді. 2024 жылғы мамырдың соңына қарай Волчанск негізінен қирады. Соғысқа дейінгі шамамен 17 000 тұрғыннан шамамен 300 азамат сол жерде қалды.
2025 жылғы 25 желтоқсанда Біріккен күштер тобының байланыс бөлімінің бастығы Виктор Трехубов Ресей күштерінің Волчанскіде көптеп орналасқанын және кейбір аумақтарды бақылайтынын, бірақ олардың барлығын толық бақыламайтынын мәлімдеді.
Дереккөздер
Санат:Харьков облысы қалалары