(60558) Эхекл — Юпитер мен Уран аралығында айналып жатқан Кентавр астероидтарының бірі.

Оны 2000 жылдың 3 наурызында Китт-Пик обсерваториясында Spacewatch жобасы аясында істеген америкалық астрономдар ашты. Бұл нысанға атауы ретінде мифологиялық кентаврдың есімі берілген болатын.

2005 жылдың желтоқсанында астрономдар бұл аспан денесінің кометалық белсенділігін бақылады. Осыған орай оған 174P/Эхекл деген балама атау берілді. Сонымен, бұл (2060) Хирон сияқты әрі астероид, әрі комета ретінде тіркелген санаулы ғана нысандардың бірі болып келеді.

Орбитасындағы Күнге ең жақын нүктесінен соңғы рет 2015 жылдың сәуірінде өтті. Күнді айналу периоды шамамен 35 жылға тең.

Дереккөздер

Тағы қараңыз (7968) Эльст — Писарро (118401) LINEAR Санат:Астероидтар Санат:Кометалар