Abbey Road (Эбби-Роуд — осы аттас лондондық көшеде орналасқан дыбыс жазу студиясының атауымен аталған; дегенді білдіреді) — британдық The Beatles рок тобының он бірінші студиялық альбомы. Альбом 1969 жылы 26 қыркүйекте Ұлыбританияда және 1 қазанда АҚШ-та жарық көрді. Бұл топтың барлық мүшелері толық құрамда қатысқан соңғы жазба сессиясы болды.

«Abbey Road альбомында рок жанрынан бөлек блюз, поп-музыка және прогрессивті рок элементтерін қамтиды. Сонымен қатар бұл еңбек Муг синтезаторы мен Лесли динамигін қолдануымен сипатталады.

Альбомды жазу процесі жыл басындағы Get Back/Let It Be сессияларына қарағанда біршама тату атмосферада өткенімен, музыканттар арасындағы қайшылықтар толық шешілмеді. Әсіресе Пол Маккартнидің «Maxwell’s Silver Hammer» әніне қатысты келіспеушіліктер жиі туындап отырды. Джон Леннон бірнеше тректің жазылуына мүлдем қатыспаған, тіпті альбом ресми шыққанға дейін топ құрамынан шығып кеткен. Алайда бұл ақпарат келесі жылы Маккартни де топтан кететінін мәлімдегенге дейін жұртшылықтан жасырын сақталды».

Коммерциялық табысына қарамастан, Abbey Road шыққан кезінде сыншылардан аралас бағасын алды. Кейбір мамандар альбомның дыбыс өңделуін тым жасанды, ал музыкалық мазмұнын «түпнұсқалықтан алшақ» деп сынады. Дегенмен, уақыт өте келе бұл еңбек The Beatles шығармашылығындағы ғана емес, жалпы дыбыс жазу тарихындағы ең үздік туындылардың бірі ретінде мойындалды. Альбом Rolling Stone журналының барлық уақыттағы ең үздік альбомдар рейтингінде 5-орынға, ал Consequence of Sound онлайн-басылымының тізімінде 3-орынға тұрақтады. Осы альбомда жарық көрген Джордж Харрисонның екі әні — «Something» және «Here Comes the Sun» — оның The Beatles тобы үшін жазған ең үздік туындыларының қатарына жатқызылады.

Музыканттардың Эбби-Роуд студиясының жанындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан сәті бейнеленген альбом мұқабасы бұқаралық мәдениеттегі ең танымал әрі ең көп көшірілетін бейнелердің біріне айналды.

Әндер тізімі

Дереккөздер

Санат:The Beatles альбомдары Санат:Apple Records альбомдары