Шыжың (Шежін) өзен – Еділ мен Жайық аралығындағы өзендер.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Шыжың өзенінің ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1360 км2. Көкше тауынан басталып, Бірқазан көліне 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары құмайт. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Желтоқсанның басында қатып, тамыздың бас кезінде мұзы түседі. Өзен суын елді мекендер пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Дереккөздер

Санат:Тасқала ауданы өзендері