Орал Аминовна Атаниязова (; ; 18 мамыр 1956, Қарақалпақ АССР, Өзбек КСР, КСРО) — қарақалпақ дәрігері, ғалым және мемлекет қайраткері, медицина ғылымдарының докторы. 2020 жылдан бастап Қарақалпақстан медицина институтының ректоры. Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты III және IV шақырылымдары мүшесі.
Өмірбаяны Орал Аминовна Атаниязова 1956 жылы Қарақалпақ АССР туған. 2001 жылы Ташкент педиатриялық медицина институтының Нүкіс филиалының директоры болып тағайындалды. 2015 жылы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының III шақырылымына сайланды, Сенаттың халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі болды. 2020 жылы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының IV шақырылымына қайта сайланды, Сенаттың ғылым, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі болды. 2020 жылғы 20 мамырдағы Үкімет қаулысымен Орал Аминовна Атаниязова Қарақалпақстан медицина институтының ректоры болып тағайындалды.
Ғылыми қызметы Мәскеуде медицина ғылымдарының докторы дәрежесін алғаннан кейін, Атаниязова 1992 жылы Қарақалпақстанда репродуктивті жастағы 5000 әйел арасында сауалнама жүргізді. Нәтижелері таңқаларлық болды: сауалнамаға қатысқан әйелдердің 90%-дан астамында жүктілік немесе босану кезінде қандай да бір асқынулар болған. Бұл жағдай Қарақалпақстанмен шектесетін Арал теңізі аймағындағы экологиялық апатпен байланысты болды. Осы қорытындыларға жауап ретінде Атаниязова «Perzent» деп аталатын Қарақалпақ репродуктивті денсаулық және қоршаған орта орталығын құрды. Репродуктивті денсаулық саласындағы тәжірибесін пайдалана отырып, көптеген халықаралық конференцияларда негізгі баяндамашы болды және Біріккен Ұлттар Ұйымында сөз сөйледі.
Марапаттары Голдман қоршаған орта сыйлығы (2000). Қарақалпақстан еңбек сіңірген ғылым қайраткері. I дәрежелі «Соғлом авлод үшін» ордені.
Дереккөздер
Санат:Нүкісте туғандар Санат:Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің сенаторлары Санат:Өзбекстандағы жоғары оқу орындары ректорлары Санат:Өзбекстан медиктері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Өзбекстан ғалымдары