Анар Базарқызы Мырзағалиева — биология ғылымының докторы (2011), доцент (2009), профессор (2018).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұлан ауылында туған.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1994, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) бітірген. 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық ауруханада лаборант-дәрігер болып еңбек етті. 2001 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, магистратура меңгерушісі, доцент, декан қызметтерін атқарған. 2018 жылдан Астана халықаралық университетінде ректор қызметінде.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Батыс Алтай мен Нарын жотасының дәрілік өсімдіктерінің ресурстары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. 180-нен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының степендианты (2006-2008); Биологиялық әртүрлілікті қолдау бойынша HeidelbergCement (Германия) халықаралық ғылыми жобасының қатысушысы және жеңімпазы Quarry Life Award (2012)Победитель премии Quarry Life Award 2012 в Казахстане войдет в состав нового европейского жюри.; Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында білім беруді дамытқаны үшін сертификат (2013); Генетика, селекция және өсімдік шаруашылығы саласындағы ерекше еңбегі үшін Н.И. Вавилов атындағы медаль (2014); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері (2016); Білім беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасы (2017).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Шығыс Қазақстан: танымал есімдер. Известные учёные.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар