Арета Луиза Франклин (; 25 наурыз 1942, Мемфис, Теннесси, АҚШ – 16 тамыз 2018, Детройт, Мичиган, АҚШ) – америкалық әнші, ритм-энд-блюз, соул және госпел жанрларының шебері. Ең үлкен жетістігіне 1960 жылдардың екінші жартысы мен 1970 жылдардың басында қол жеткізді. Ерекше икемді әрі қуатты дауысының арқасында оны жиі «Соул патшайымы» () немесе «Леди Соул» () деп атайды. 1987 жылы 3 қаңтарда Рок-н-ролл даңқ залына есімі енгізілген алғашқы әйел атанды. 2008 жылдың қараша айында Rolling Stone журналы оны «Барлық замандардың 100 ұлы әншісі» тізімінде 1-орынға қойып, тарихтағы ең ұлы әнші деп жариялады, ал 2023 жылы жаңартылган «Барлық замандардың 200 ұлы әншісі» тізімінде де 1-орынға ие болды.

Өмірбаяны Арета баптист дінбасысы Клэренс Лавон Франклиннің қызы ретінде дүниеге келді. Анасы Барбара Сигнел Франклин де әйгілі госпел әншісі болған. Арета Детройтта өсіп, әпкелерімен бірге шіркеу хорында ән салды. 14 жасында алғашқы вокалдық жазбаларын жасады.

Музыкалық мансабы 1960 жылдардың екінші жартысы мен 1970 жылдардың басында ең үлкен табыстарға жетті. «Respect», «Think», «(You Make Me Feel Like) A Natural Woman», «Chain of Fools» әндері хит болды. Оның күшті әрі икемді вокалы арқылы ол «Соул патшайымы» атанды.Величайшая исполнительница Америки

Фильмография 1972 — «Қара Родео» (Black Rodeo) Өзі (документалды фильм)

1980 — «Блюз бауырлары» (The Blues Brothers) — Әділет сотының кезегі (комедия)

1990 — «Тыңдаңыз: Куинси Джонстың өмірі» (Listen Up: The Lives of Quincy Jones) — Өзі (документалды фильм)

1998 — «Блюз бауырлары 2000» (Blues Brothers 2000) — Әділет сотының кезегі (комедия)

2003 — «Том Дауд және музыка тілі» (Tom Dowd & the Language of Music) Өзі (документалды фильм)

2012 — «Беннетттің дзені» (The Zen of Bennett) — Өзі (документалды фильм)

2013- «Мускл Шоулс» (Muscle Shoals) — Өзі (документалды фильм)Арета Франклин

Марапаттары мен жетістіктері 18 рет Грэмми сыйлығының иегері барлығы 44 рет номинацияға атсалысты.

1987 жылы Рок-н-ролл даңқ залына енген алғашқы әйел — бұл тарихи жетістік оның музыка индустриясындағы орнын мәңгілікке бекітті.

Rolling Stone журналының 2023 жылғы рейтингінде «Тарихтағы ең ұлы әнші» деп танылды бұл атақ оны құрметтейтін монументалды мойындау.

2019 жылы өлімінен кейін Пулитцер сыйлығының арнайы жүлдесін алды бұл оның музыкалық мұрасының маңыздылығын көрсетеді.

Оның «Respect» әні феминизм және азаматтық құқықтар қозғалысының гимніне айналды. Оның әндері шамамен 50 жыл бойы йчарттың алғашқы жолдарында болды.

Дереккөздер

Санат:Grammy Lifetime Achievement Award иегерлері Санат:Өнер саласындағы АҚШ ұлттық медалі иегерлері Санат:Азаттық президенттік медалінің иегерлері Санат:Кеннеди орталығының сыйлығы иегерлері Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:RCA Records орындаушылары Санат:Atlantic Records орындаушылары Санат:Меццо-сопрано