Мұхаммед Шәріп ибн Мұхаммед Нақи () (XVIII–XIX) — Бұхара әмірлігі дәуірінің тарихшысы.
Өмірбаяны Бұхаралық тарихшы Мұхаммед Шәріп ибн Мұхаммед Нақи XVIII ғасырдың ортасында Бұхарада дүниеге келген.
Мұхаммед Шәріп бастауыш білімін Бұхарада алған. Ол Бұхара билеушілері Даниял аталық, Шахмұрат және Хайдардың тұсында қызмет еткен. Оның басты еңбегі — «Тадж ат-таварих» (Тарихтар тәжі), ол 1800 жылы әмір Хайдардың бұйрығымен жазылған. Шығармада XVIII—XIX ғасырлардағы Бұхара хандығы мен әмірлігінің саяси тарихы баяндалады.
Мұхаммед Шәріп ибн Мұхаммед Нақи XIX ғасырдың бірінші жартысында қайтыс болған.
Әдебиет
Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:XIX ғасырда қайтыс болғандар Санат:XVIII ғасырда туғандар Санат:XIX ғасыр тарихшылары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері