Күлзат Қаниқызы Садырова — филология ғылымының докторы (2009), доцент (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жабасақ ауылында туған.

Ақтөбе педагогикалық институтын (1993, қазіргі Ақтөбе өңірлік университеті) бітірген. 1993-2010 жылдары Ақтөбе мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2010 жылдан декан қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі, дискурс талдау теориясы. "Қазіргі қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы, 1 электронды оқу құралы авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2012" мемлекеттік сыйлығы иегері (2019); Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2022).Профессор-оқытушылар құрамы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. Ақтөбе газеті.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары