Сабыржан Аққалықов — қазақстандық әуесқой боксшы. 75 кг (орта салмақ) санатында өнер көрсетеді. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2025 жылғы IBA Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы.

Өмірбаяны Сабыржан Аққалықов 2002 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысып жүрген боксшы.

Спорттық мансабы Аққалықов жастар және ересектер деңгейіндегі жарыстарда Қазақстан құрамасының намысын қорғап келеді. Ол 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын жүлдегер атанды.

2024 жылы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленгені туралы спорт басылымдары жазды.

2024 жылы 71 кг салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

2025 жылы Дубайда өткен IBA Әлем чемпионатында 75 кг салмақта күміс медаль алды (финалда ресейлік боксшыға жеңілген).

2025 жылы Болгарияның София қаласында өткен Странджа кубогында 75 келіге дейінгі салмақта жүлде үшін бақ сынады.

2026 жылғы Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп, чемпион атанды. Жартылай финалда монғол боксшыны техникалық нокаутпен жеңсе, финалда өзбекстандық Жавохир Абдурахимовты 5:0 есебімен сенімді жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына екінші алтын әкелді.

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы ойындарға боксты қосатынын хабарлады. Алайда ерлерде 7 салмақ (55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг), ал әйелдерде 7 салмақ дәрежесі (51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг) қалатын болды.

2026 жылғы Азия ойындары алдында Сабыржан Аққалықов 80 кг салмақ дәрежесіне ауысатын болды.

Кәсіпқой бокстағы рекорды BoxRec дерегі бойынша Сабыржан Аққалықов кәсіпқой рингте 2 жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен, оның 2-еуі нокаутпен аяқталған.

Жетістіктері 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы 2024 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының жеңімпазы 2025 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Бокстан Азия чемпиондары