Qazaq Cybersport Federation (Қазақстан Киберспорт Федерациясы, QCF) – Қазақстан Республикасының спорт ұйымы; негізгі мақсаттары – елде жаппай киберспортты дамыту және танымал ету және оны әлемдік қоғамдастыққа ілгерілету болып табылатын республикалық қоғамдық бірлестік. 2020 жылы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің мойындауына ие болды.

2017 жылы құрылған. Штаб-пәтері Республиканың астанасы – Астана қаласында орналасқан.

Тарихы

Qazaq Сybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) 2017 жылы киберспортшылар, қоғам және мемлекет мүддесі үшін осы саланы жүйелі және ұзақ мерзімді дамыту мақсатын қойған кәсіпқойлар мен киберспорт әуесқойларының бастамашыл тобымен құрылды. Qazaq Cybersport Federation дайындаған өтініш пен материалдар негізінде 2018 жылы киберспорт спорт түрлерінің тізіліміне енгізіліп, Қазақстанда ресми мәртебеге ие болды.

2020 жылы Qazaq Сybersport Federation РҚБ ресми аккредиттелген республикалық спорт федерациясы мәртебесін алды. Сол кезден бастап Qazaq Cybersport Federation Азияның Олимпиадалық кеңесі мойындаған Азия Киберспорт Федерациясында (AESF – Asian Esports Federation) Қазақстанның мүдделерін толыққанды мүше ретінде білдіреді. 2020 жылдың наурыз айында Qazaq Cybersport Federation Esports Federation (IeSF) – Халықаралық Киберспорт Федерациясының 57-ші мүшесі болды. Бұл Қазақстанға IeSF қамқорлығымен ел аумағында халықаралық турнирлер мен ұлттық іріктеу ойындарын өткізуге, сондай-ақ киберспорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға мүмкіндік берді. Сол жылдың мамыр айынан бастап Федерация GEF (Global Esports Federation) халықаралық ұйымына мүше болды, ол барлық спорттық ұйымдарды біріктіреді және олимпиадалық пәндер қатарында киберспортты ілгерілетуді жақтайды. 2020 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстанның Киберспорт Федерациясы Ұлттық Олимпиада комитетінің тану сертификатын алды.

2022 жылғы 11 наурызда Федерация ABC Design компаниясымен демеушілік қолдау туралы келісімшарт жасасты, оның шеңберінде бірнеше жобаларды, соның ішінде Қазақстандағы киберспорт командаларының жедел дамуын іске асырды. 2022 жылдың 19 мамырында Qazaq CyberSport Federation KFC-мен демеушілік туралы серіктестік келісімшартқа отырды. KFC компаниясы Көктемгі кубоктың демеушісі болып табылады.

2023 жылғы наурызда Qazaq Cybersport Federation 2024-2026 жылдары Алматыда Халықаралық киберспорт Федерациясының (IESF) қолдауымен киберспорттан әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді.

2023-2025 жылдары Федерация киберспорт бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы мен Qazaqstan Qyzmet Cyber Cup қоса алғанда, ұлттық және корпоративтік турнирлерді өткізуді, сондай-ақ киберспорт академиялары мен студенттер лигалары сынды білім беру бастамаларын дамытуды жалғастырды.

2025 жылы онлайн және офлайн ойыншыларды даярлау форматтарын біріктіретін гибридті киберспорт академиясының іске қосылуы жарияланды.

2026 жылы Федерация Esports Nations Cup халықаралық турнирінің ұлттық құрамасының (National Team Partner) серіктесі мәртебесін алды.

Қызметі Қазақстан Республикасында барлық деңгейлерде және алаңдарда киберспортты дамыту және қолдау. Қазақстан Республикасының халықаралық спорттық байланыстарын дамыту, оның ішінде құрама командалардың ресми халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында киберспортты халықаралық спорттық қозғалыстың бір бөлігі ретінде танымал ету. Халықаралық чемпионаттарды, біріншіліктер мен кубоктарды ұйымдастыруда республикалық және ассистенттік ұйымдастыру. Киберспорт бойынша онлайн трансляцияларды ұйымдастыру және қолдау. Спорттық разрядтарды, атақтарды беру нормаларын, талаптарын, шарттары мен тәртібін әзірлеу, оларды Қазақстан Республикасының спорттық сыныптамасына енгізу. Судьяларды даярлау және аттестаттау, олардың қызметін бақылау. Спортшыларды, жаттықтырушыларды атақтар мен біліктіліктер беруге іріктеу және ұсыну. Киберспорт саласында білім беру іс-шараларын өткізу.

Федерация ұйымдастырушысы Ali Play болып табылатын әлем чемпионатының – World Electronic Sports Games (WESG) іріктеу кезеңдерін өткізуге айрықша құқықтарға ие.

Жобалар Alaman Cup. Altel Cyber Games. Gorilla Esports. Kazakhstan Esports Student League (KESL, Қазақстанның киберспорттық студенттер лигасы). National Esports Student Association (студенттік киберспорт бойынша ұлттық жоба). IESF, AESF, GEF, WESG аймақтық және әлемдік чемпионаттарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларын қалыптастыру. Киберспорт академиясы Esports HUB. Pinger.pro (Федерацияның ресми турнир платформасы). 1XBET Esports hub accelerator – ТМД-дағы алғашқы киберспорттық командалар мен бизнес-жобалардың дамытушысы.

Дереккөздер

Сілтемелер Qazaq Cybersport Federation ресми турнир платформасы

Санат:Қазақстан спорт ұйымдары Санат:Қазақстандағы киберспорт