Қасым хан () — билеуші өзбек әулеті маңғыттардың өкілі, әмір Мұзаффардың немересі. Бұхара әмірлігінің Шырақшы бектігінің әкімі (1885–1920) болған.
Отбасы Қасым хан әмір Мұзаффар, әмір Сейіт Әбдулахад хан және әмір Сейіт Әлім ханның тұсында Шырақшы бектігін басқарған. Сондай-ақ Сейіт Әбдулахад ханның қыздарының бірі оның зайыбы болған. Оның әкесі Сейіт Акрам — ағасы Сейіт Әбдулахад хан таққа отырғаннан кейін өз лауазымынан айырылмаған Мұзаффардың жалғыз ұлы. Сейіт Акрам Бұхара әмірлігінің көптеген бектіктерінде әкім қызметін атқарған.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Шырақшы бектері