Айгүл Болатқызы Майдырова — экономика ғылымының докторы (1998), профессор (2006).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 20 қазанда Атырау облысы, Индер ауданы, қазіргі Есбол ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1984, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1984-85 жылдары Гурьев педагогикалық институты]]нда (қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) оқытушы, 1985-87 жылдары ҚазМУ-да стажер, 1990-95 жылдары Қазақ дене тәрбиесі институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы), 1995-2002 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде доцент, 2003-05 жылдары Еуразия ұлттық университеті Экономика институтының директоры, 2006-07 жылдары Қазақ экономика университетінде декан, 2007 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекетті басқару академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2018 жылдан Еуразия ұлттық университетінің "Экономика және кәсіпкерлік" кафедрасында қызметте.ЕҰУ. Профессорлық-оқытушылық құрам.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Ақпараттық экономика жағдайындағы адами капитал және оның Қазақстандағы тұтас экономикалық қарым-қатынастар жүйесінің қалыптасуына әсері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 83 ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 жекелей, ұжымдық монографияның, 3 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары Ғылыми сыйлықтар, ғылыми стипендиялар, гранттар, грамоталар, алғыс хаттар (2011, 2009, 2010, 2013, 2016); ЕНУ-нің "Л. Гумилев медалі" (2022); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2022).Айгүл Болатқызы Майдырова.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Известные учёные.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары