Зәуре Малғаждарқызы Нұрмұханова — экономика ғылымының докторы (1998), профессор (2001).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 14 тамызда Павлодар облысы, қазіргі Аққулы ауданы, Малыбай ауылында туған.
Семей технология институтын (1982), Төменгі Саксония (Германия) менеджмент академиясын (1993), ҚР ҰҒА Экономика Институтын (1994) бітірген. 1982-92 жылдары Павлодар ет комбинатында экономист, бөлім бастығы, бас экономист, 1992-95, 1997-99 жылдары "Ертіс" АҚ басқармасының төрағасы, "Лукойл" концернінде директор, 1995-97 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 1999-2000 жылдары "Ертіс-өндіріс" ЖАҚ-ның бас директоры, 2000 жылдан "Павлодар-Заман" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Инновациялық Еуразия университетінің (Павлодар) профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері 50-ден астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы.
Марапаттары "Ерен еңбегі үшін медалі (1999).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар