Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова — тарих ғылымының докторы (2005), профессор (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған.
Петропавл педагогикалық институтын (1985, қазіргі Солтүстік Қазақстан университеті), ҚазМУ-дың (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын бітірген. ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1985-87), Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1990-2007), 2007 жылдан декан қызметінде.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – XX ғасырдағы Қазақстанның экономикасы тарихы. "1946-1970 жылдардағы Қазақстан экономикасын кеңестік жаңашаландыру: тарихи тәжірибе сыны" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 170-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монография, 11 оқу және оқу-әдістемелік құралдың, 2 электронды оқулықтың авторы.
Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2005, 2011);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2011).Зәуреш Ғалымжанқызы Сақтағанова.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер QALAM.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар