Сивец Виктор Николаевич (1919–1984) — кеңестік өнеркәсіп қайраткері, В. П. Чкалов атындағы Ташкент авиация зауытының директоры, Социалистік Еңбек Ері (1971).

Өмірбаяны 1919 жылғы 4 мамырда Пржевальск қаласында (қазіргі Қырғызстанның Ыстықкөл облысы) дүниеге келген. 1943 жылы Қазан авиация институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1943 жылы Өзбек КСР-індегі Ташкент авиация зауытында шебер болып бастады, 1944 жылдан бастап құрастыру цехында аға шебер қызметін атқарды. 1945 жылдың басында «зауыттың үздік шебері» деп танылды.

1947—1963 жылдары цех бастығы, өндіріс бастығы, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарды. 1963—1969 жылдары №84 зауыттың бас инженері болды. 1969—1973 жылдары КСРО авиация өнеркәсібі министрлігіне қарасты В. П. Чкалов атындағы Ташкент авиация зауытының директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен 1969 жылы зауыт Ан-22 «Антей» ауыр әскери-көлік ұшақтарын сериялық өндіруді бастады.

1971 жылғы 26 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Виктор Николаевич Сивецке Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалін тапсыру арқылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1973 жылдан бастап — КСРО авиация өнеркәсібі министрлігіне қарасты В. П. Чкалов атындағы Ташкент өндірістік авиациялық бірлестігінің (ТАПО) бас директоры. Сол жылдан бастап бірлестікте Ил-76 орташа десанттық-көлік ұшағы және оның модификациялары шығарыла бастады.

1984 жылғы 9 желтоқсанда қайтыс болды. Ташкент қаласындағы «Чигатай» мемориалдық зиратында жерленген.

Марапаттары мен атақтары

Өзбек КСР-інің еңбек сіңірген инженері (1969) Лениндік сыйлықтың лауреаты (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973) Өзбек КСР-інің Әбу Райхан Бируни атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974) Құрметті авиақұрылысшы Социалистік Еңбек Ері (26.04.1971) Ленин ордені (02.03.1962) Ленин ордені (22.07.1966) Ленин ордені (26.04.1971) Ленин ордені (25.03.1974) Ленин ордені (23.12.1976) Қазан төңкерісі ордені (10.02.1981) «Еңбек ерлігі үшін» медалі (16.01.1950)

Естелік В. Н. Сивецтің есімі Ташкент қаласындағы көшелердің біріне және ТАПОиЧ мәдениет және техника сарайына берілген.

Сыртқы сілтемелер Сивец Виктор Николаевич. "Ел батырлары" сайты.

Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері