КСРО cыртқы істер халық комиссариаты () — 1923-1946 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының сыртқы саясатын жүзеге асыруға жауапты КСРО мемлекеттік органы.
Тарихы КСРО орталық атқару комитетінің (қысқартылған атауы: КСРО ОАК) екінші сессиясы 1923 жылы 6 шілдеде КСРО Конституциясын бекітіп, оны күшіне енгізді; Конституцияның 49 және 51-баптарына сәйкес бүкілодақтық КСРО сыртқы істер жөніндегі халық комиссариаты (қысқартылған атауы: Сыртісхалком; қысқартылған атауы: КСРО СІХК) құрылды.
1923 жылы 12 қарашада КСРО ОАК 4-сессиясында КСРО СІХК туралы жаңа ереже бекітілді. Одақтық республикалардың Сыртқы істер жөніндегі халық комиссариаттары және олардың шетелдегі өкілдіктері таратылды, осылайша шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастар қатаң орталықтандырылып, Мәскеуде орналасқан КСРО басқару органдарының толық бақылауына берілді. Сонымен бірге одақтас республикаларда КСРО сыртқы істер жөніндегі халық комиссариатының уәкілетті өкілдерінің басқармалары құрылды.
1923-1925 жылдары РКФСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы КСРО Сыртқы істер жөніндегі халық комиссариаты Уәкілетті басқармасы басшысы Виктор Копп, ал 1925-1927 жылдары Семен Аралов болды.
1930-жылдардың басында Кеңес мемлекетін мойындаудың екінші кезеңі басталды, сол кезде Испаниямен, АҚШ-пен, Болгариямен, Мажарстанмен, Албаниямен, Румыниямен, Чехословакиямен, Бельгиямен, Люксембургпен және Колумбиямен дипломатиялық қатынастар орнады.
1936 жылдың желтоқсанында, 1936 жылғы жаңа Конституцияның ережелеріне сәйкес, СІХК өз атауын өзгертті. Ол бұрынғыдай Сыртқы істер жөніндегі халық комиссариаты емес, КСРО сыртқы істер халық комиссариаты болып аталды.
1944 жылы КСРО СІХК одақтықтан одақтық-республикалыққа айналды, ал одақтас республикалардың Сыртқы істер халық комиссариаттары қалпына келтірілдіЗакон СССР от 1 февраля 1944 года «О предоставлении союзным республикам полномочий в области внешних сношений и о преобразовании в связи с этим Народного комиссариата иностранных дел из общесоюзного в союзно-республиканский народный комиссариат».
1946 жылы 15 наурызда КСРО сыртқы істер халық комиссариаты КСРО сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды (қысқартылған атауы: КСРО СІМ).
Халық комиссариаты жетекшілігі Халық комиссарлары Халық комиссарЖылдарыЛев Троцкий1917—1918 Георгий Чичерин1918—1930 Максим Литвинов1930—1939 Вячеслав Молотов1939—1946
Бірінші орынбасарлары 193?—1937 — Николай Крестинский 1937—1940 — Владимир Потемкин 1940—1946 — Андрей Вышинский
Айырым белгілері КСРО ХКК 1943 жылғы 28 мамырдағы «КСРО Сыртқы Істер Халық Комиссариатының, елшіліктерінің және шетелдегі миссияларының дипломатиялық қызметкерлеріне арналған нысанды киімін енгізу туралы» қаулысы шыққан соңПостановление СНК СССР от 28 мая 1943 года № 600 «О введении форменной одежды для дипломатических работников Народного Комиссариата Иностранных Дел, Посольств и Миссий СССР за границей», КСРО сыртқы істер халық комиссариатының 1943 жылғы 7 қазандағы №213 мекемелік бұйрығы шығарылды, онда 1943 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа киім үлгісін кию көзделген еді. Бұрын салтанатты іс-шараларға арналған арнайы дипломатиялық киім болды (ол бүгінгі күнге дейін көптеген елдерде бар). Қабылданған кеңестік киім үлгісі (әскери киімдер сияқты) үздіксіз киюге арналған деп топшыланды. «Киім үлгісін кию ережелері бойынша нұсқаулық» та шығарылды; содан кейін КСРО СІМ 1948 жылғы 6 шілдедегі №236 бұйрығымен мерекелік киім киюге құқылы дипломаттардың тізімі кеңейтілді.
СипаттамасыКСРО Сыртқы істер халық комиссариатының, шетелдегі елшіліктері мен миссияларының дипломатиялық қызметкерлерінің айырым белгілері Иық белгілері 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50px 50pxДәреже КСРО Сыртқы істер халық комиссары Төтеншежәне Өкiлеттi Елшi 1 сыныптыТөтеншежәне Өкiлеттi Уәкіл 2 сыныптыТөтеншежәне Өкiлеттi Уәкіл 1 сыныптыкеңесшi 2 сыныптыкеңесшi 1 сыныптыбiрiншi хатшы 2 сыныптыбiрiншi хатшы 1 сыныптыекінші хатшы 2 сыныптыекінші хатшы Үшінші хатшы Атташе Ескертпе 1954 жылы жойылды.
Дереккөздер
Санат:КСРО cыртқы істер халық комиссариаты Санат:КСРО халық комиссариаттары