Джеймс Кристиан (Джимми) Киммел (; 13 қараша 1967, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық тележүргізуші, комик, сценарийші, продюсер және актер.

Өмірбаяны Нью-Йорктің Бруклин ауданында католик отбасында дүниеге келген, бірақ 9 жасынан бастап ата-анасымен бірге Невадада тұрған. Мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзін жүргізуші ретінде байқап көре бастады. Университетте оқып жүргенде студенттік телеарнада жұмыс істеді. 1989 жылдан бастап кәсіби телевизиялық мансабын бастады. Көптеген танымал телешоуларға қатысты. Негізінен комедиялық жанрдағы бірнеше фильмге түсті. 2003 жылдан бері «Джимми Киммел тікелей эфирде» атты төл шоуын жүргізеді.

2016 жылдың желтоқсанында Джимми Киммелді Кинематографиялық өнер және ғылым академиясы АҚШ-тағы спортқа қатысы жоқ ең маңызды телевизиялық іс-шараның — 89-шы «Оскар» киносыйлығын тапсыру салтанатының жүргізушісі ретінде таңдағаны белгілі болды.

2018 жылдың 4 наурызында Джимми Киммел мерейтойлық — 90-шы — «Оскар» киносыйлығын тапсыру салтанатының жүргізушісі ретінде оралды. Салтанатты рәсім кезінде ол АҚШ президенті Дональд Трампқа, вице-президент Майк Пенске және Fox News телеарнасының көрермендеріне қатысты теріс пікір білдірді.Oscars host Jimmy Kimmel makes anti-GOP jabs after first professing positivity , Fox News, 4 марта 2018 г.

2025 жылдың 17 қыркүйегінде ABC телеарнасы Киммелдің Дональд Трамп жақтастарының Чарли Кирктің өлтірілуіне білдірген реакциясы туралы жағымсыз сөздері Федералды байланыс комиссиясының төрағасы Брендан Каррдың сынына ұшырағаннан кейін «Джимми Киммел тікелей эфирде» шоуының трансляциясын белгісіз мерзімге тоқтатты.

2025 жылдың 22 қыркүйегінде шоудың эфирге оралуы туралы жарияланды.

Жеке өмір 1988 жылдың 25 маусымынан 2003 жылдың 16 маусымына дейін Джимми Джина Киммелге үйленген болды. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: қызы Кэти Киммел (1991 ж.т.) және ұлы Кевин Киммел (1993 ж.т.).

2002 жылдан 2009 жылдың наурызына дейін Сара Сильверманмен кездесті.

2013 жылдың 13 шілдесінен бастап Джимми Молли Макнерниге үйленген, онымен үйлену тойына дейін 4 жыл кездескен. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: қызы Джейн Киммел (туған күні: 10 шілде 2014) және ұлы Уильям Джон «Билли» Киммел (туған күні: 21 сәуір 2017).

Нарколепсиямен ауырады.

Дереккөздер

Санат:Бруклинде дүниеге келгендер Санат:Әліпби бойынша тележүргізушілер Санат:XXI ғасырдың тележүргізушілері Санат:XX ғасырдың комедианттары Санат:XXI ғасырдың комедианттары Санат:АҚШ комедианттары Санат:АҚШ телевидение сценаристері Санат:Әліпби бойынша телепродюсерлер Санат:XXI ғасырдың телепродюсерлері Санат:АҚШ телепродюсерлері Санат:Әліпби бойынша актерлер Санат:XX ғасырдың актерлері Санат:XXI ғасырдың актерлері Санат:АҚШ телевидение актерлері Санат:АҚШ дыбыстау актерлері Санат:«Дендізгі Эмми» сыйлығының лауреаттары Санат:АҚШ сценаристер гильдиясы сыйлығының лауреаттары Санат:«Прайм-тайм Эмми» сыйлығының лауреаттары Санат:АҚШ киноактерлері Санат:Лас-Вегастағы Невада университетінің түлектері