Андрей Петрович Звягинцев (; 6 ақпан 1964, Новосибирск, КСРО) — ресейлік кинорежиссёр және сценарийші. Оның фильмдері негізінен XXI ғасырдағы Ресей қоғамы мен саясатын зерттейді, сонымен қатар бұлыңғыр атмосферасымен және нео-нуар стилімен ерекшеленеді.

Венеция кинофестивалінің бас жүлдесінің иегері және Канн кинофестивалінің лауреаты. «Левиафан» (2014) және «» (2017) фильмдері үшін «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығының екі дүркін номинанты (2015, 2018). 2019 жылдың желтоқсанында Звягинцеветің «» (2011) отбасылық драмасы америкалық Rolling Stone журналы жасаған XXI ғасырдың екінші онжылдығындағы әлемдегі ең үздік 50 фильмнің тізіміне енген Ресейден шыққан жалғыз туынды болды.

Өмірбаяны Андрей Звягинцев 1964 жылы 6 ақпанда Новосибирскіде дүниеге келген. Анасы Галина Александровна мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген (кейіннен, 2000 жылы Мәскеуге көшіп барған). Әкесі Пётр Александрович милиция қызметкері болған. Болашақ режиссер бес жасқа толғанда әкесі отбасын тастап, басқа әйелге кетіп қалған. Содан басталған салқындықтан Андрей әкесі өмірден өткенше онымен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіре алмады.

1984 жылы Новосибирск театр училищесінің актерлік факультетін тәмамдайды. Еңбек жолын Новосибирск Жас көрермендер театрында актер болып бастағанымен, көп ұзамай әскер қатарына шақырылып, Новосибирск әскери ансамблінде конферансье ретінде қызмет етеді.Андрей Звягинцев. Искусство любви // Журнал Cosmopolitan, 24 января 2008 1986 жылы Мәскеуге аттанып, ГИТИС-тің актерлік факультетіне оқуға түседі де, оны 1990 жылы бітіріп шығады.

Оқуды аяқтаған соң Звягинцев театрда жұмыс істеуден бас тартады. Өзін жазушылық қырынан да сынап көргенімен, бірнеше әңгімеден әріге бара алмайды. 1993 жылға дейін аула сыпырушы болып жұмыс істеді, өйткені бұл жұмыс оған қызметтік баспанада тұруға мүмкіндік берген еді. Кейіннен, 2000 жылға дейін жарнама роликтерін түсірумен айналысады. Осы аралықта театр қойылымдарына қатысып, кинодағы шағын эпизодтық рөлдерде бой көрсетеді. 2000 жылы режиссер ретінде алғашқы қадамын жасады.

Оның режиссерлік дебюті болған (2003) фильмі екі жасөспірім бала мен олардың көптен көрмеген әкесі туралы баяндайды. Туындының әлемдік тұсаукесері Венеция халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында өтіп, онда бас жүлде — «Алтын арыстанды» жеңіп алды. Сонымен қатар, фильм «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды. Ол 76-шы «Оскар» марапатының «Үздік халықаралық толықметражды фильм» санатына Ресей атынан үміткер ретінде таңдалғанымен, соңғы номинация тізіміне енбей қалды.

Режиссердің екінші толықметражды туындысы — (2007) фильмі. Оның әлемдік премьерасы 2007 жылғы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында өтті. Мұнда фильм «Алтын пальма бұтағына» үміткер болып, нәтижесінде «Үздік актер» номинациясын жеңіп алды.

Оның 2011 жылы жарық көрген драмасының әлемдік тұсаукесері Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасында өтіп, қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді.

Оның төртінші толықметражды туындысы — Левиафан (2014) әлеуметтік драмасы. Фильмнің әлемдік тұсаукесері Канн кинофестивалінің негізгі байқауында өтіп, «Алтын пальма бұтағына» үміткер болды және «Үздік сценарий» жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ бұл туынды Ресей атынан «Алтын глобус» сыйлығын иеленіп, «Оскар» марапатының «Үздік шетелдік фильм» номинациясына ұсынылды

Режиссердің бесінші толықметражды туындысы — (2017) драмасы болды. Оның әлемдік премьерасы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында өтіп, қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Кейіннен бұл туынды Лондон кинофестивалінде де топ жарып, «Үздік фильм» атанды. Осылайша Звягинцев бұған дейін «Левиафанмен» де осы биікті бағындырғандықтан, Лондон фестивалінің бас жүлдесін екі рет жеңіп алған тарихтағы екінші режиссер ретінде тіркелді.

«Махаббатсыздық» фильмі де Ресей атынан «Алтын глобус» және «Оскар» сыйлықтарының шет тіліндегі үздік туындылар санаттарына ұсынылды. 2018 жылғы наурызында бұл туынды Францияның жоғары «Сезар» киносыйлығының «Үздік шетелдік фильм» номинациясын жеңіп алып, Звягинцев бұл марапатқа ие болған алғашқы ресейлік режиссер атанды. Сондай-ақ 2018 жылы ол Канн кинофестивалінің негізгі қазылар алқасының мүшесі ретінде қызмет атқарды.

2021 жылдың ортасында ауыр COVID-19 инфекциясын жұқтырып, ұзақ уақыт ауруханаға жатқызылған тұста Звягинцев өзінің ағылшын тіліндегі алғашқы толықметражды туындысы — «What Happened» (қаз. «Не болды») фильмімен жұмыс істеп жатқан еді. Режиссердің денсаулығына байланысты бұл жоба уақытша тоқтатылды. 2023 жылы Звягинцев Францияға қоныс аударып, онда ресейлік олигарх туралы баяндайтын «Юпитер» атты жаңа жобасының дайындық жұмыстарына кірісті. Алайда, қажетті қаржы табылмағандықтан, бұл фильм де соңында кейінге шегерілді.

Режиссердің 2026 жылы жарық көрген Минотавр драмасы оның эмиграцияда түсірген алғашқы туындысы болды. Фильмнің түсірілім жұмыстары 2025 жылдың соңында Латвияда өтті. Ресей-Украина соғысы аясында өрбитін сюжет желісі әйелі Галинаның опасыздық жасағанын біліп қойған, тағдыры талқандалған кәсіпкер Глебтің өмірін баяндайды. Бұл туындының әлемдік тұсаукесері 2026 жылғы Канн кинофестивалінің негізгі байқауында өтіп, киносыншылардың жоғары бағасына ие болды және фестивальдің беделді Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Жеке өмірі Андрей Звягинцевтің алғашқы жары — актриса Ирина Гринева; олар алты жыл некеде тұрып, ажырасқан. Екінші әйелі — фильм монтаждаушы Анна Матвеева. Олардың 2009 жылы дүниеге келген Пётр есімді ұлы бар.

Звягинцев 2022 жылдан бері Францияда эмиграцияда тұрып жатыр. Ол Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық айыптап, белсенді сынға алып келеді.

Денсулығы 2021 жылғы маусымында Звягинцев «Спутник V» COVID-19 вакцинасын салдырды. Көп ұзамай оның дене қызуы қатты көтеріліп, Мәскеудегі ауруханалардың біріне, жансақтау бөліміне жеткізілді. Ауруханада жатқан кезінде ол ресейлік дәрігерлердің қарауында жүріп, антибиотиктерге төзімді инфекция жұқтырып, ауруханаішілік сепсиске шалдықты.

Кейіннен ол Германия емханасына ауыстырылып, жасанды комаға енгізілді. Звягинцев комадан шыққаннан кейін полинейропатияға ұшырап, жүру қабілетінен айырылды. Екі аяғының жансыздануымен (параплегия) қатар, тамақ сіңірлерінің зақымдануы салдарынан режиссер өздігінен отыра да, сөйлей де алмай қалды. Тіпті бір кезеңде оның өкпесінің газ алмасу қабілеті 92%-ға дейін төмендеп, Звягинцевтің қанайналым жүйесі экстрокорпоральды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратына қосылды.

Жалпы алғанда, Звягинцев 11 ай бойы ауруханада емделді. Ол 2022 жылдың мамыр айында Германияның Висбаден қаласындағы емханадан шықты.

Саяси көзқарасы 2026 жылғы Канн кинофестивалінің жабылу салтанатында Звягинцев өзінің «Минотавр» (фильм 2022 жылғы Ресей-Украина соғысының басындағы ресейлік дәулетті отбасы туралы баяндайды) туындысы үшін Гран-при жүлдесін алып жатып, Ресей президенті Владимир Путиннен «қырып-жоюды» тоқтатуды тікелей талап етті. Ол өз сөзінде: «Бұл қантөгісті тоқтата алатын жалғыз адам — Ресей Федерациясының Президенті. Осы қырғынға нүкте қойыңыз; бүкіл әлем соны күтіп отыр», — деп қосты.

Фильмография

Дереккөздер

Санат:Ника сыйлығының иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері